ДИКТОР: Биылғы сайлаудың ерекшелігі көп. Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері саяси науқанда барлық қатысушыға теңдей мүмкіндік берілгенін айтты. Олар бүгінгі сайлау қорытындысынан үлкен өзгеріс күтіп отырғанын жеткізді.

РКС: Биылғы саяси науқанның басты ерекшелігі - ұзақ жылдан кейін сайлаудың аралас дауыс беру жүйесіне қайта оралуы. Бүгін ел тағдырын халық боп шешетін тарихи күнмен пара-пар. Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы зиялы қауым осындай пікірде.

СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Биылғы сайлау егенмендік алғандағы бір ерекше сайлаудың бірі деп айта аламын. Мажоритарлы сайлау жүйесі көштік. Тартысты сайлау болды. Бәсекелестік болды. Бұл сайлау жаңаша бір серпін берді. Халық белсенді қатысты деп есептеймін. Ақсақалдар, ардагерлердің отбасы қатысты.

РКС: Депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді.Саяси науқанға белсенді атсалысып келе жатқан жастардың қатары артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай.

СНХ: СЕРҒАЗЫ ҚАЙРОЛЛА, АҚЫН: Бұл сайлаудың болатыны туралы жариялаған күннен бастап асыға күттік. Бұл жаңа Қазақстанның құрылуы жолындағы саяси қадамдардың бірі деп есептеймін. Таңертен ғана сенат төрағасы атап өткендей парламентке сындарлы оппозияция қажет деді. Демек бұл парламент құрамы жаңарады деген сөз. Шын халықтың мәселесін көтеретін,жанашыр азаматтар келеді деп сенемін.

СНХ:ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Жастар ресурстық орталығының жастары сайлау учаскесі ашылғаннан бастап, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Яғни жастардың саяси науқанда белсенділігі артып келеді. Жастарға қолдау көп. Оларды тұрғын-үймен, жұмыспен қамту мәселелері де біртіндеп шешіліп келеді.

РКС: Сайлау процесі кезінде азаматтардың саяси белсенділігі өсіп келеді. Ел арасында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашылып отыр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ