ДИКТОР: Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлаулары қоғам үшін жаңа бағытта өтті. Саяси науқан сайлау мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл туралы өз пікірлерін білдірген жергілікті ғалымдар мен жоғары оқу орнының оқытушылары айтты.

РКС: Күні кеше өткен сайлау - саяси өзгерістерге жаңа қадам. Осылай деген Ерлан Наурызбаев жастардың белсенділігін алға тартты. Сондай-ақ, ол қазақстандық қоғам азаматтық позициясын ашық көрсете алу керек екенін айтады.

СНХ: ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Бұл сайлаудың ерекшелігі алғашқы рет бірмандатты депутаттардың қатысуы және Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық, қалалық мәслихаттарындағы сайлану тәртібінің өзгеруі. Облыстық мәслихаттар 50/50 сайланды. Бірмандатты депутаттар және партиялық тізіммен. Қалалық, аудандық мәслихаттарда бірмандатты депутаттардың болуы. Сайлауға жаңа буынның келуі саясаттың демократиялық жаққа өткенін көрсетеді. Осы сайлаудан жақсы үміт күтемін. Болашақта осы сайлауға түскен депутаттар “Жаңа Қазақстанды” құрастыратын азаматтар деп танимын.

РКС: Өз кезегінде жоғары оқу орнының оқытушысы Дінмұхаммед Кенжебек қазір азаматтық қоғам белсенді және саяси мәдениеті жоғары екенін атап өтті.

СНХ: ДІНМҰХАМЕД КЕНЖЕБЕК, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Халық ретінде байқадым билікке деген, адамдардың санасын өзгертемін деген халық арасынан қарапайым кандидаттардың шығуы. Бұл Қазақстан тарихындағы үлкен серпіністің болғаны анық. Учаскелерді алық қарасақ, еркін, тәуелсіз бақылаушылардың саны артқан. Ол әділетсіздіктің орын алмауына, әр халық, сарапшы өз үлесін қосуда. Қазақстанның болашағы үшін, “Жаңа Қазақстан”үшін белгілі бір тараптан өзгерістер алып келеді деген сенімдеміз.

РКС: Сондай-ақ, сарапшылар жаңадан сайланған депутаттар тың бастамаларды жүзеге асыруға және еліміздің дамуына жаңашыл серпін береді деген сенімде.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ