ДИКТОР: Қазақстандықтардың көптен күткен Наурыз мейрамы келіп жетті. Көкшетаудағы «Достық үйінде» дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған бірқатар іс-шара өтті. Қала тұрғындарына дастархан жайылып, түрлі этностардың тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

РКС: Жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында «Достық үйінде» қала тұрғындарына арналған мерекелік іс-шара өткізіледі. Көкшетаулықтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Наурыз көже - мерекенің басты асы болды. Бұдан бөлек, бес асық пен асық атуға арналған ойын алаңы құрылды. Түрлі этно-мәдени орталықтардың төрағалары жұртшылықты мерекемен құттықтады.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл ұлттық, діни мереке емес. Өзінің бастауын сонау ғасырлардан келе жатқан, 3мың жылдық тарихы бар халықтың мерекесі. Достықтың мерекесі, бірліктің мерекесі, мейрімділіктің мерекесі. Наурыз мерекесінің аясында үлкен қайырымдылық шаралар өткізіліп жатыр. Бүгінгі дастархан да сол мейірімділіктің үлкен бір нышаны.

РКС: Концерттік бағдарлама шашу шашудан басталды. Бірнеше тілде ән шырқалып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті.

ИНТЕРШУМ: ән шашу

РКС: Өңірдің бірқатар аудандарынан келген қолөнер шеберлері сәукеле және басқа да ұлттық киім түрлерін жасау үлгісін көрсетті. Шеберлердің бұйымдары байқауда көрсетілді.

СНХ: БИБІГҮЛ КӘРІМОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ (ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ): “Киелі сәукеле және кимешек” деген сайысқа келдім. Өте қуаныштымын. Осындай сайыстар көп бола берсін.

РКС: Наурыз мейрамына арналған іс-шара бір апта көлемінде өткізілуде. Бұл ретте аймақтық «Қоғамдық келiсiм» бiрлестiктерiнiң еңбегi зор.

АИДА ХАМИТОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ