ДИКТОР: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Сарыарқа шағын ауданындағы жаңа мұз кешенінің құрылысымен танысты. Бұл жоба "Бурабай" спорт сарайының жүктемесін азайтуға, сондай-ақ, жас спортшыларға сапалы кортта жаттығуға мүмкіндік береді.

РКС: Сарыарқа шағын ауданындағы екі қабатты кешенде спортшыларға барлық жағдай жасалады. Мұнда жанкүйерлерге арналған 128 орын бар. Спортшыларға мұз аренасында шорт-трек, шайбалы хоккей және тіпті керлингпен айналысуға мүмкіндік бар. Жобаның құны 1 миллиард теңгеден асады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: "Бурабай" спорт сарайына жақсы балама. Бізде мұз ареналарын салу жағынан қиындықтар кездеседі. Тұрғындар үшін қажет жақсы нысан, әсіресе қаланың осы бөлігінде. Сарыарқа шағын ауданы дамып келеді. Бізде көптеген жоспарлар бар.

РКС: Хоккейшілер мен коньки тебетіндерге арналған құрал-жабдықтар халықаралық сапа стандарттарына сай. Ұзындығы 56, ені 28 метр алаңда спортшылар кез-келген ауа-райында жаттыға алады. Бұл инновациялық мұз төсеу технологияларын қолдана отырып салынған Қазақстанда алғашқы кешендердің бірі.

СНХ: ӘСЕТ БҮКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мұнда 2 салқындатқыш қондырғы бар. Бірақ Бурабай спорт кешеніндегі мұздан бір айырмашылығы ол жақта бетон болса бұл жерде сапасы әлдеқайда жақсы. Құны 148 миллион теңге.

РКС: Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаев мұз аренасына ат қою мәселесін талқылады.

ИНТЕРШУМ: – Готовы арене название дать.

– Уже что-то наметили себе?

– Пока нет

– Ну, у нас кто есть, какие выдающиеся спортсмены-зимники? Будем смотреть! Подумайте, внесите предложение.

РКС: Құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүргізіліп жатыр. Мердігерлердің айтуынша, құрылыстың 90 проценті аяқталған. Нысанды салу ұзақ уақытқа созылғанымен жақында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ