ДИКТОР: Жақсы ауданының тұрғындары өз таңдауын жасады. Әсіресе егде жастағы адамдар белсенділік танытты.

РКС: Жақсы ауданындағы 25 сайлау учаскесінде 11 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Өңірдің құрметті азаматы Кәмила Мұғалова ел болашағы үшін өз үлесін қосу үшін қадам жасауға келіпті.

СНХ: КӘМИЛА МҰҒАЛОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Жаңа Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім. Президенттің алға қойған мақсаты мен ұсыныстарының бәрі біз жұмыла кіріскенде ғана жүзеге асады. Сондықтан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасаған кезде ғана, біздің барлық мүддеміздің ортақ екенін дәлелдейміз. Солай болды деп есептеймін. Балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағы үшін қолайлы жағдай жасау үшін Президенттің соңынан бірге еруіміз қажет.

РКС: Жақсы ауылының тұрғыны Мақажан Бәйкенов бүгін ел үшін аса маңызды тарихи күн екенін айтты. №472-ші сайлау учаскесіне келіп, ел қатарлы ол да өз таңдауын жасады.

СНХ: МАҚАЖАН БӘЙКЕНОВ, ЖАҚСЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әр азамат ел алдындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз таңдаған депутаттар ел үмітін ақтап, Қазақстанның өркендеуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін.

РКС: Саяси науқан басталғалы дауыс берушілер белсенділік танытып, сайлау комиссиясының мүшелеріне кандидаттарға, сайлаудың барысына қатысты түрлі сауалдар қойған. Тиісті жауап та алды,-дейді комиссия мүшелері.

АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘСЕЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ