ДИКТОР: Сайлау науқаны облыстың аудандарында да қызу жүріп жатыр. Атбасар ауданында 37 кандидат тіркеліп, саяси бәсекелестікке түскен. Елдімекен тұрғындары алдағы сайланатын депутаттардың атқаратын қызметіне зор үміт артып отыр.

РКС: Атбасар ауданы бойынша 32 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Науқанның соңына дейін 46 сайлау учаскесі елдімекен тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ауылдың ақсақалдары елді азаматтық борышымызды өтеуге шақырып отыр.

СНХ:СЕРІК ШАЙХИН, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Құрметті жерлестер, отандастар, бүгін елімізде үлкен саяси науқан жүріп жатыр. Біз мәслихат пен мәжілістің депутаттарын саулау үстіндеміз. Өте маңызды шара. Өйткені жаңа Қазақстанды құру үшін бізге жаңа тұлғалар керек. Бүгінгі сайлап жатқан депутаттарымыз еліміздің болашағына, экономикасына зор үлес қосады деп ойлаймын.

СНХ:СЕРГЕЙ ЯРОШ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін сегізінші мектепке сайлауға келдім. +скл+ Менің ойымша, лайықты кандидатқа дауыс бердім. Бүгінгі сайлау азаматтардың өмірін өзгертеді. Жақсартады деп ойлаймын. Алдағы уақытта кандидаттардың жұмысын көреміз.

РКС: Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 20 процентке жуық сайлаушы дауыс беріп үлгерген. Ендігі кезде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтінімі толық қабылданып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша сайлау жәшіктері жіберілу үстінде.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МИХАИЛ МАЙЕР, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ