ДИКТОР: Дәл қазір сайлау науқанының нағыз қызған тұсы. Көкшетаудағы нөмірі 39-шы сайлау учаскесінде "Көкше жылу" кәсіпорнының жұмысшылары өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, таңдауларын жасады.

РКС: «Көкшетау жылу» кәсіпорнында 2891 дауыс беруші тіркелген. Аталған өндіріс орны түні бойы жұмыс істегендіктеріне қарамастан ұжыммен өз учаскелеріне барып, сайлау науқанына белсене қатысуда. Олар әр адам дауыс беруі керек, өйткені біз бүгін Қазақстанның болашағына дауыс беріп, оның жарқын болуына ықпал жасап жатырмыз дейді.

СНХ: САМАТ ХАМИТОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Мен жұмыстан шығысымен бірден сайлау учаскесіне бардым. Өз таңдауымды жасадым. барлығына сәттілік тілеймін. Барлығымыз Жаңа Қазақстан үшін дауыс берейік, әрі қарай нық қадаммен жүре берейік дегім келеді.

ИНТЕРШУМ: сайлау науқаны

РКС: Саяси дода басталған санаулы сағаттарда нөмірі 39 сайлау учаскесінде 100-ден аса адам дауыс беріп үлгерген. Алғаш келіп өз таңдауын жасаған кәсіпорын еңбеккерлері сый сияпатқа ие болды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, РАХАТ САЛЕЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ