ДИКТОР: Барлық деңгейдегі мәслихат және Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды сайлау науқаны жалғасуда. Таңғы жетіден бастау алған дауыс беру кешкі сегізге дейін өтеді. Сондай-ақ уақытша сайлау учаскелері де қарастырылған. Көкшетаудағы тергеу изоляторындағы сайлаудың барысын тілші баяндайды.

РКС: Әр азамат таңдау жасауға құқылы.№60 сайлау учаскесі тергеу изоляторында орналасқан. Мұнда уақытша қамауда отырғандар саяси науқанға қатысып, өз құқықтарын пайдалануда.

СНХ: АЛТЫНГҮЛ НҰРСЕЙІТОВА, САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұл тергеу изоляторы. Тізім бойынша 129 дауыс беруші бар. Байқаушылар да осы жерде тіркелген.

РКС: Тергеу изоляторының аумағында биыл да сайлау өтіп жатыр. Әр дауыс беруші қолына бірнеше бюллетенін алып, арнайы кабинаға өтіп жатты. Одан соң жәшікке салады. Сайлау процесінің әділ өтуін комиссия мүшшелері мен байқаушылар қатаң бақылауда ұстауда. Тергеу амалдары жүріп жатқан кезде уақытша қамауда отырғандардың арасында алғаш рет дауыс беріп жатқандар да бар.

СНХ: УАҚЫТША ҚАМАУДА ҰСТАЛУШЫ: Бірінші рет дауыс беріп отырмын. Сайлауда белсенділік танытуымыз керек, өйткені бәріміз Қазақстанның азаматымыз. Болашағымыз үшін бәріміз жауаптымыз. Сондықтан, жүрек қалауыңызға сеніп, дауыс беріңіздер!

РКС: Аталған учаске уақытша болғандықтан, соңғы сайлаушы дауыс бергеннен кейін бірден жабылады. Тергеу изоляторы басшылығы тіркелген сайлаушының бәрі шамамен бір жарым сағат ішінде дауыс беруді аяқтағанын айтты. Оның қорытындысы есептеліп, жуық арада қалалық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ