ДИКТОР: №6 мектеп-лицейінің оқушылары Наурыз мерекесіне орай «Беташар», «Бесікке салу», «Сәукеле кигізу» сияқты дәстүрлерімізді дәріптеді. Жиналған көпшілік құшақтасып көрісіп, бір біріне ақ жарма тілектерін арнады.
Интершум: беташар
РКС: 13 наурыздан бастап Наурыз мерекесі өңірде қызу тойлануда. Соңғы жылдары әз-Наурыз айырықша қолға алынып, ауқымды түрде ұйымдастырылуда. Қазақтың жыл басы мерекесінде ұлттық салт-дәстүрлердің ұлықталуы көңіл қуантады. №6 мектеп-лицейінде өткен іс-шарада сырға салу, қыз ұзату, құда күту, тұсау кесер сынды көрініс сахналанды.
СНХ: ДОСБОЛ ЕРАЛЫ, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Баршаңызды келіп жеткен әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетіп жатырмыз. Қазір беташар рәсімін көрсетеміз.
РКС: Қазақтың тұсаукесер дәстүрі – сәби қаз аяғынан тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл – біреудің ала жібін аттамасын деген ұғым.
Интершум:тұсау кесу
СНХ: РОЗА БЕКЕШОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл сайын біздің мектепте осындай іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оған оқушылар, ата-аналар,ұстаздар белсенді қатысады.Мұндай шаралар жастардың бойына қазақ халқының әдет-ғұрыпын,салт-дәстүрін білуге тәрбиелейді.
РКС: Бұдан бөлек мерекеге орай жайылған дастарханға ұлттық тағамның түр-түрі қойылыпты. Наурыз мерекесін өз дәрежесінде атап өту үшін мектеп ұжымы белсене атсалысты. Наурыз - табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің бастауы.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ