ДИКТОР: Облыс орталығында студенттер бір мезетте күйші-композиторларының шығармаларын орындады. Наурыз мейрамына орай мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар мен студенттер арасындағы «Домбыра сағаты» челленджі ұйымдастырылды. Шараға үн қосқан күй тартуға құмар жастар көп. Біржан сал атындағы музыка колледжінің студенттері бірнеше шығарманы нақышына келтіре ойнады.

ИНТЕРШУМ: Күй

РКС: Өңірдегі 18 музыкалық мектебінде әр жастағы 5 мыңға жуық бала үйірмеге қатысады. 3 колледжде домбыраны кәсіби түрде үйретеді.. Домбыра думанына талабы таудай талантты жастар де белсене атсалысты. Солардың бірі - Қайрат Ілияс. Ол жастайынан ұлттық аспапты үйренген.

СНХ:ҚАЙСАР ІЛИЯС, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Біз Құрманғазының күйі, Қазанғап, Дәлеткерей, Дина Нұрпейісованың күйлерін орындаймыз. Мен бір күйді 1-2 күнде үйренемін. Қазіргі таңда басқа күйлерді үйреніп жүрмін.

РКС: Өңірдің кішкентай тұрғындары да Наурызды тойлап жатыр. «Зерек» балабақшасының бүлдіршіндері тәрбиешілерімен бірге дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрлер бойынша көріністер қойып, ұлттық мейрамды ұлықтауға атысалысты. Сонымен қоса, мерекеге орай дайындаған ән мен жыр, би мен күй ойналды.

ИНТЕРШУМ: Күй

СНХ: АЯГӨЗ ҚАППАСОВА, «ЗЕРЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бөбекжайымыздың балаларына ата-бабамыздың салт-дәстүрін әдет-ғұрпын барлық салтын үйрету,ою-өрнек, мал шаруашылығы жүн түту деген дағдыларды қалыптастыму мақсатында керемет мереке өтіп жатыр.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Ақ мол болсын. Елмізде бірлік береке болсын.

СНХ: ӘЛИНҰР АСҚАР, «ЗЕРЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Үйде менің ағам домбыра ойнайды. Мені домбыраны үйірмеге барып үйрендім. Жасым 6-да. «Жастар күйін» орындадым бүгін.

РКС:Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Тәрбиеленушілер асық атып, Қыдыр ата батасын алып, мерекенің шырайын келтірді. Шара көңілді ән мен мың бұралған балалардың биімен жалғасты.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ