ДИКТОР: Облыс орталығындағы мектеп оқушылары керемет сайысқа қатысуға ниет білдірген. 100-ге жуық жас өнертапқыштың басын қосқан роботтардың ұлттық ойындар жарысы өтті. Аталған дода жыл сайын дәстүрлі түрде Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылып келеді.
ИНТЕРШУМ: РОБОТТАРДЫҢ САЙЫСЫНАН КӨРІНІСТЕР
РКС: Қыз қуу, асық ату, бәйге және арқан тастыс ойындарынан 6 мен 17 жас аралығындағы балалар бақ сынасты. Бәрі де үлкен дайындықпен келген. Оқушылар сайысқа дейін роботтарын құрастырудан бөлек, әр ұлттық ойынның шығу тегімен және ережесімен танысқан. .
STAND-UP: ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН ТІЛШІ: Оқушылар мұндай роботтарды бір апта көлемінде жасап шығарады. Алайда, қатысушылардың айтуынша роботты құрастыру емес, басқару кодын орнату анағұрлым қиын екен. Жас өнертапқыштар жарыс басталмас бұрын қайта-қайта тексеріс жүргізіп, дайындыққа барынша көңіл бөліп отыр.
СНХ: ДИАС АМАНГЕЛДІ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Кодты жасау өте қиын. Себебі оған көп уақыт кетеді. Және сен оны істегенде ол қате кетіп, қайтіп істегенде мүлдем бұзылуы мүмкін. Осы сайыс басталмай тұрып, біз таңғы 5-6-да тұрып, бәрін істеп дайындадық.
РКС:Балалардың инженерлік қабілетін асық ату ойынынан ерекше байқауға болады. Роботқа орнатылған бағдарламаның арқасында асық межеге дөп тиіп, қайта орынына қарай беттейді. Сайыстың ең кіші қатысушылары роботтарын бәйге ойынында сынаса, жоғары сынып оқушылары арқан тартысқа көп қызығушылық танытты. Себебі мұнда бақталастық қызу. 50 команданың 26-сы аталған жарысқа қатысуға өтінім берген. Былтыр жүлделі орындарды иеленген тәжірибелі интелектуалдар биыл да жеңіспен оралуға ниетті.
СНХ: МОВСАР БУЗУРТАНОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Робототехникамен айналысып жүргеніме 3 жыл болды. Маған бұл өте қатты ұнайды. Менің ойлау қабілетімнің, қол моторикамның дамуына көп көмектеседі. Болашақта программист болғым келетіндіктен, өте пайдалы. Осы үш жылдың ішінде көптеген облыстық және қалалық жарысқа қатыстым. Өзімнің оқушыларымды да дайындаған едім. Жетістіктерімді мақтан тұтамын.
РКС: Жас өнертапқыштардың көпшілігі облыс аумағында ғана емес, республикалық робототехника жарыстарына да қатысып жүр. Бұл салаға жаңадан қазығушылық танытқан балдырғандарға мұндай жарыстар қабілеттерін шыңдауға үлкен үлес тигізері сөзсіз.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ