ДИКТОР: Өңір басшысы Көкшетау қаласының бірқатар нысанын аралады. Ермек Маржықпаев "Көкшетау Су Арнасы" ұжымымен кездесті. Мекемеде 311 адам жұмыс істеседе, кадр тапшылығы байқалады.
РКС: Көкшетау қаласының су құбыры желілерінің ұзындығы 352 шақырым. Олардың барлығына "Көкшетау Су Арнасы" қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда кадрлар тапшы. Бас директор атап өткендей, кәсіпорынға жас мамандар қажет.
СНХ:ЮРИЙ ШЕНГАЛЬЦ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бізде жүргізуші, слесарь, дәнекерлеушілер жетіспейді. Техникалық колледждермен келісімшартқа отырды. Студенттер тәжірибеден өту үшін келуі керек. Хабарландыру да бердік.
РКС: Өңір басшысы ұжыммен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Кәсіпорынның балансында 81 техника бар. Сондай-ақ Наурыз мейрамы қарсаңында "Көкшетау Су Арнасы" қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етілді.
ИНТЕРШУМ: сыйлық беру
РКС: Биыл Көкшетауда жаңа дилерлік орталық іске қосылды. Облыс әкімі компания ұжымын ашылуымен құттықтады.
ИНТЕРШУМ: орталықта
РКС:Ермек Маржықпаев Красный Яр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен таныстырды. Жобаның құны-1,2 млрд теңге. Нысанды жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазір құрылыстың бастапқы кезеңі жүріп жатыр.
СНХ:НҰРЛАН БАЙЫМБЕТОВ, МЕРДІГЕР: А блогында 2 бассейн, 1 ересек, екіншісі балаларға арналған, екінші В блогы, онда баскетбол алаңы болады. Бізде 2-ші қабатта күрес және спорт залы бар.
РКС: Сонымен қатар, 2024 жылға дейін 22 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Өңір басшысына қазандықты, жылу желілерін қайта жаңарту және сумен жабдықтау мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ, Красный Яр ауылында орталық саябақты абаттандыру және Тәуелсіздік көшесін жарықтандыру жұмыстары да қолға алынған.
СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қоғамдық пайдалану орындары, осы саябақтан басқа не болады? Біз мұнда ауыл сияқты сезінетіндіктен, Жергілікті нәрселер жасауымыз керек. Көкшетау қаласы мен Қызыл Яр арасындағы шекараны дұрыстап белгілеу қажет.
РКС: Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және жөндеуге облыстық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінді. Әлеуметтік салаға 4,7 млрд. теңге қарастырылған.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ