ДИКТОР: Наурыз мейрамы қарсаңында облыс орталығындағы сауда ойын-сауық орталығының бірінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қала тұрғындары отбасыларымен келіп, күн мен түннің теңелген, көктемнің басты мерекесін атап өтті. Мерекелік кеште өнерпаздар халық әндерін орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ИНТЕРШУМ: МЕРЕКЕЛІК ШАРАДАН ҮЗІНДІ

РКС: «Көкшетау» Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы мерекелік сазды кешті ырымдап шашу шашудан бастады. Концерттік бағдарлама халық биімен жалғасты. Сондай-ақ, “Сайра, бұл-бұл”, “Дедім-ай” әндері орындалды.

СНХ: БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Құрметті ақмолалықтар, Көкшетау қаласының тұрғындары, қонақтары бүгінгі күн тамаша, көктемнің жарқыраған күні. Амал, көрісу күні. Сіздерді «Көкшетау» Мәдениет Сарайының атынан құттықтаймын. Зор денсаулық, жылдан-жылға,осындай күндерде кездесе берейік. Береке, бірлік отбасыңызға, молшылық тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын.

РКС: Мерекелік концертте “Кербез сұлу” халықтық-фольклорлық ансамблі әсем күйлерді нақышына келтіріп орындады. Мың бұралған бишілер көздің жауын алар ұлттық киімдерімен ырғала биледі.

СНХ: АЖАР ШӘРІП, №19 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Наурыз келді еліме, құт әкелді жеріме. Балдәуреннің атынан құттықтаймыз сізді де! Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын, баршаңызды құттықтаймын.

РКС: Шара соңында жиналған қауым әншілермен қосылып, “Наурыз” әнін шырқады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарға бауырсақ пен тәттілер ұсынды.

АИДА ХАМИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ