ДИКТОР: Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық салаларды дамыту бойынша республикада көш бастап тұр. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 109 пайызға, ал ауыл шаруашылығында 100 процентке жеткен. Өңірде фермерлер үшін жеңілдетілген несиелеу жүзеге асырылып келеді. Олар мүмкіндікті сәтті қолданып қажетті техника, тұқымдарды сатып алады. Аймақта жыл сайын 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекеттің қолдауын пайдаланады.

РКС: Өңірдің ауыл шаруашылығындағы негізгі бағыт - астық өндірісі. Шаруаларды жаңа әрі сапалы ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету – мемлекет үшін маңызды міндет. Өткен жылы облыстың агроқұрылымдары 25 млрд. теңгеге 700-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАР: Ақмола облысы -республиканың ірі аграрлық өңірлерінің бірі. Сондықтан салаға көп көңіл бөлінеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз түрлі мәселелер туындаса да, өте сәтті аяқтадық. Өткен жылы жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 1 трлн 75 млрд. теңгеден асты. Бұл өте жақсы нәтиже.

РКС: Өңірде майлы дақылдар мен картоп өндіру 15% процентке артты. Бұл мемлекеттік қолдаудың жемісі. Қазір фермерлер алдағы көктемгі егіс науқанына қызу дайындық үстінде.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егіс науқанына дайындық шаралары басталды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ең алдымен тұқымын дайындайды. Биыл біз көктемгі егіс жұмыстарында 533 мың тонна тұқым саламыз. Ақпан айынан бастап жанар-жағармай, дизель отынын әкелу басталды. Мемлекет жыл сайын көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының кепілдік берілген көлемін бөледі.

РКС: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің көлемін ұлғайту басымдыққа ие. 125 ет және 19 сүт фермасы ашылды. 104 ет және 11 сүт кәсіпорындарын іске қосу жоспарланып отыр. Ақмола өңірі жыл сайын ауыл шаруашылығы саласындағы үздік үштікке кіреді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ