ДИКТОР: № 12 орта мектептің оқушылары каратэ-до шотаканнан жарыс жүлдегерлерімен кездесті. Спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, шәкірттерге жаттығулар өткізеді.

ИНТЕРШУМ: демонстрация

РКС: Ересек кадеттер мен жасөспірімдер арасында Шымкентте каратэдан Қазақстан чемпионаты өтті. Турнир командалық есепте және кездесу түрінде өтті. Жарысқа еліміздің 10 облысынан 250-ге тарта спортшы қатысты.

СНХ: ЕРНАТ ШӘРІПОВ, КАРАТЭ-ДО ШОТАКАННАН ҰСТАЗ-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Командалық есепте екі күміс жүлде еншілеп қайттық. Осы чемпионатта қолымыздан келгенін барлық дайындығымызды көрсеттік. Негізгі дайындық әлем чемпионаты. Үлкен үміттеміз балалардан.

РКС: Әдемі Жақсылықтың каратэмен айналысқанына 12 жылдан асыпты. Көптеген жарыс пен чемпионатқа қатысып келеді. Бұл турнирде Әдемі екінші және үшінші орындарды еншіледі. Осылайша, Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды.

СНХ: ӘДЕМІ ЖАҚСЫЛЫҚ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Менің ойымша осы жарыс өте қызық тартысты өтті. Бапкерлерімізге алғыс білдіреміз, өзім 12 жыл болды каратэмен айналысып жүргеніме. Көптеген нәтижелер бар. Әлем чемпионатына дайындық қазіргі таңда.

ИНТЕРШУМ: жаттығу барысы

РКС: Енді спортшылар алдағы уақытта Венгрияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастамақшы.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ