ДИКТОР: Халықаралық дережедегі спорт шебері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері, бірнеше мәрте рекорд орнатқан қара күш иесі Темір Сыпатаев көкшетаулықтарға ерекше өнерін паш етті. «Көрісу күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурыз шапағаты» атты мәдени-спорттық іс-шара қалың жұртшылықты елең еткізді.

ИНТЕРШУМ: қылыш сермеу

РКС: Халық арасында «әмбебап спортшы» атанған Темір Сыпатаев 25 тоннаны 20 шықырымға дейін сүйрейтін атақты рекордсмен. Балуан қазақтың ұлттық спорт өнерін елдің барлық аймақтарында насихаттап, жастарды салауатты өмір салтына баулып келеді.

СНХ: ТЕМІР СЫПАТАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Біз Қазақстандағы түкпір-түкпір жерінде өтетін «Толағай алыптар сайысы» деген өзіміздің авторлық жобамыз бар. Соны арнайы осы жерге алып келдік. Мақсат – қазақтың мың батыр жігіттерін шығарып алу. Ауылдардан, ауылдардан, облыстардан. Қарапайым қазақтың балалары. Әрине, футбол, хоккей, волейбол, әр жерлерден ойынның түр-түрлері шығып жатыр ғой. Бірақ, елімізде қазақтың спорты дамуы керек.

РКС:Мәдени спорттық іс-шарада облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубының жаттықтырушысы Ерсана Қапаров та төбе көрсетті. Қазіргі таңда бапкер өскелең ұрпақтың күрес түрлеріне деген қызығушылығын арттыруға барын салып келеді. Естеріңізге салсақ, бапкердің шәкірті Алдияр Балташ Бразилияда өткен өткен грек-рим күресінен сурдлимпиада ойындарында қола медаль иеленді.

СНХ: ЕРСАНА ҚАПАРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ, «КҮРЕС ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі уақыттың өзінде алты мектепте күрес үйірмесін ашып, жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Болашақта 20-дан астам мектеп бар Көкшетау бойынша, сол мектептердің ішінде жас балаларымызды күреске баулып, балуындар шығару. Қажымұқан, Балуан Шолақ сынды. Бабаларымыз аңыздағы бар, сондай бір тұлғаларды көргіміз келеді.

РКС: Спорт дүлдүлдерінің өнерін тамашлауға келген жұрт, қазақтың ұлттық ойындарын да тамашалап қайтты. Ақмолалық жас өрендер 5 асық, асық ату және қазақ күресінен бақ сынасты.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ