ДИКТОР: Қорғалжын ауданында, Күмісбеков атындағы мәдениет үйінде 22 наурыз мейрамына орай «Өнегелі ене, келісті келін» атты аудандық байқауы өтті.Байқауға 5 отбасы қатысты.Қатысушылардың ең үлкені 77 жастағы әже. Қызықты мерекелік кеш туралы тілшіміз Жанерке Төлен баяндайды.
РКС: Жоба отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған.Жанұядағы әйелдердің ынтымақ-бірлігі мен берекесін көрсету. Отбасының тыныштығы қашан да ақ жаулықты аналарға тығыз байланысты екені даусыз.
СНХ: ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қорғалжын ауданында биыл бірінші рет осындай байқау өтті. 7 қатысушыдан өтінім болды, алайда ақтық сайысқа 5 отбасы қатысты.Қазылар алқасының ұсынысы бойынша бұл жобаны дәстүрге айналдыру.
РКС: Сайысқа қатысушылар 5 кезеңдік сынақтан өтуі тиіс.Өзін-өзі таныстырудан басталған сайыс барысында өнерімен көрерменді таң қалдыру. Отбасы ошақ қасындағы әр ақ жаулықты аналар тағамның түр-түрін жасай білуі шарт. Осы тұрғыдағы сайыс ең қызықты сәт болды.
ИНТЕРШУМ: қамыр жаю барысы
РКС: Жобаға қатысқан қатысушылар бар өнерін ортаға салды. Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңайға соққан жоқ.
СНХ:РАЙХАН МҰХАМЕДЖАНОВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: Енелер мен келіндер арналған сайыстан жақсы әсер алып отырмын. Бірліктің арқасында жеңіске жеттік.Бұл сайыс ене мен келіннің арасын жақсартатын жоба деп ойлаймын. Осындай жобалар көп бола берсін. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Мұхамеджанова Райхан Алдабергенқызы мен келіні Қанжығалиева Мадина иеленді. Ал І орынды Қарашаш Түсіпова мен келіні Шұғаева Гүлбаршынға бұйырды. ІІ орынға Бақыт Түсіпбекова мен келіні Сағат Раушангүл жеңді. Досымава Бәтима мен Саметова Айым ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды..
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ЕРЗАТ СМАҒҰЛ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ