ДИКТОР: Былтыр мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 15 профилактикалық, жоспардан тыс 40 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, кәсіпорындарға 25 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ержан Ахметов баяндады. Экологиялық заңдылықтың шарттары бұзылған. Тексеріс қорытындысы бойынша оны жоюға қатысты 37 ұйғарым берілді.

ДИКТОР+ВИДЕО: Мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша департамент 20 млн теңгеден асатын 30-ға жуық әкімшілік істі қарады. Сала мамандары Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексінің кейбір нормаларының өзгергенін алға тартты. Осыған сәйкес 1-ші және 2-ші жартыжылдықта субъектілерге профилактикалық бақылау жүргізілмейтінін атап өтті.

СНХ: ЕРЖАН АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі жоспардан тыс 8 тексеріс жүргізді. Оның нәтижелері бойынша заңсыздықтарды жоюға қатысты 4 ұйғарым берілді. Оның орындаудың нақты мерзімі де көрсетілген. Сондай-ақ, 388 125 теңгеге 4 әкімшілік айыппұл салынды. Ол толық мөлшерде өтелді.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.