ДИКТОР: Асыл жандардың мерекесін жыл он екі ай атап өтсе де артықтық етпейді. Өйткені, олар қоғамның кез келген саласында ерлермен иық тіресе табысты еңбек етіп жүр. Құқық қорғау саласындағы нәзік жандылардың үлесі де соңғы кездері басым болып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Көкшетауда осындай арулардың арасында «Погон таққан асыл жандар» байқауы ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ: дефиле

РКС: Байқауда бақ сынауға нәзік жандының 7 өкілі өтінім беріпті. Олар қызметте өз ісінің білгір маманы. Отбасында шағын мемлекетінің ұйытқысы. Байқаудың барлық шартын бұлжытпай орындауға бел буып келген арулар ештеңеден тайсалар емес.

СНХ:ҚАРЛЫҒАШ ТӘШІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ: Осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Погондағы әйел жандар барлық жағынан өзін көрсете алу керек деп ойламын. Өнерімізді, отбасымызды таныстырып. Конкурстағы қыз-келіншектерге сәттілік тілеймін.

СНХ:ӘЛИЯ ЖАҒЫПАРОВА, ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ, ПОЛИЦИЯ СЕРЖАНТЫ: Мен ішкі істер саласында 2021 жылдан бастап жұмыс істеймін. Осындай іс-шараны ұйымдастырғандарға алғысым шексіз. Погондағы әйелдің үстіндегі киімі ғана әдемі емес, бұл ең алдымен үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтқым келеді. Сонымен қатар қатаң тәртіп. Еліміз көркейе берсін, ал сайысқа қатысушы барлық әріптесіме сәттілік серік болсын деп тілеймін.

РКС: Сахна сиқырлы әлемге айналғандай. Погон таққан арулардың өнерін бағалауға келгенде қазылар алқасының біршама тосылып қалғаны да шындық.

СНХ: РЕГИНА МАКСИМОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Байқау қатысушыларының сұлулығына еш мін жоқ. Әділ шешім болады әрине. Қобалжығандарын бірден байқауға болады. Сайыстың аты сайыс. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні де заңдылық. Сондықтан, жүзден жүйрік қана лайықты болуы тиіс.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі Гүлбағыш Махамбетова бірінші жүлдені еншіледі. Облыстық полиция департаменті кадр саясаты басқармасының инспекторы Қарлығаш Тәшімоваға 2-ші орын бұйырса, Азаматтық қорғау академиясының өкілі Камила Күлебекова үшінші жүлдеге ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ