ДИКТОР: Республикалық пән олимпиадасында Ақмола өңірінің намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Білім додасына облыс бойынша 4 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы қатысқан. Барлық сыннан сүрінбей өткен 214 бала жүлделі орындарға ие болды.

ИНТЕРШУМ: марапаттау

РКС: Биылғы олимпиада барынша әділ өтуі үшін практоринг әдісі қолданылды. Барлық оқушы онлайн форматта тест тапсырып, білімін сарапқа салды. Аудандық кезеңдегі 4 мың баланың арасынан 460-тан астам білім алушы іріктеліп, облыстық деңгейге өтті. Жарыс қызу. Бәрі де республикалық кезеңге өтуге талпынды. Білім сайысында төрелік еткен педагогтар мен жоғары оқу орындарының профессорлары үздіктерді анықтау қиынға соққанын жасырмады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Көкшетау «Білім-иновация» лицей-интернатының дарындары жоғары нәтиже көрсетіп, үздік команда атанды.

СНХ: ГҮРЖАН АВДЖУ, «БІЛІМ-ИНОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Балаларымыз олимпиада бойынша облыстық деңгейде бірінші орынға ие болды. Ендігі кезекте республикалық олимпиада бар. Ол жерде де жақсы орындар алып келеді деп үміттенеміз. +скл+ Барлық қатысқан оқушылар жақсы дайындалады деп ойлаймын. Бірақ, өзіміздің балаларымыз шынымен күн сайын белгілі уақыттарда дайындық жасап жүр. Олардың еңбектері зор. Мұғалімдеріміз қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр.

РКС: Мектеп директоры мұндай көрсеткіш, білім мекемесінің 30 жылдық еңбегі екенін атап өтті. Олимпидаға қатысқан жоғары сынып оқушылары білім деңгейін көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ, болашақ мамандығына, алдағы үлкен өмірге қадам басуына дайындық жүргізу мақсатында қатысып отыр. Асылхан Әмірәлі ағылшын тілі пәнінен таласқа түскен оқушының бірі. Ол ұзақ дайындықтың арқасында жеңімпаз атанып, алдағы уақытта республикалық деңгейде бақ сынамақ.

СНХ:АСЫЛХАН ӘМІРӘЛІ, КӨКШЕТАУ «БІЛІМ-ИНОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Әрине, болашақта өзім шетелге барғым келеді. Шетелге барып, басқа адамдармен қарым-қатынас ортану үшін ағылшын тілі өте маңызды екенін білем. Осы олимпиаданың болашақта қатты көмектеметініне сенемін.

РКС:Республикалық пән олимпиадасы наурыздың 20-сы мен сәуірдің 8-і аралығында Шымкент қаласында өтпек. Оңтүстік шаһарда ақмолалық интелектуалдар барын салып, жеңіспен оралады деген үміт зор.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ