ДИКТОР: Бурабай баурайындағы Мәдениет ауылында әжелер клубы ұлттық өнерді насихаттап жүр. Олар ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабадан қалған осы қолөнер түрін жаңғыртуға бел буған. Сырмақ, текемет, түскиіз секілді киізден жасалған өнімдер бүгінде үлкен сұранысқа ие. Әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы ақ жаулықты аналармен тілдесіп қайтты.

РКС: Бірлігі бекем Мәдениет ауылында 80-нен асқан батыр ана Күлішкен Ғазезова тоқу өнерін қайта жаңғыртып отыр. 17 жасынан бастап анасынан алаша тоқу, текемет басып сырмақ сыруды үйренген. Күлішкен апа қол қусырып отырмай, анасынан дарыған өнерді бүгінде жастарға үйретіп жүр. 8 ұл-қыз өсірген алтын құрсақты ана. 17 немере мен 19 шөберенің қызығын көріп отыр.

СНХ: КҮЛІШКЕН ҒАЗЕЗОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:  Аналарымыз бен апаларымыз алашаның бір талын жібін қалдырмады ғой. Іске жаратқан. Үлкен кісілер баяғыда текемет тоқып, киіз басқан. Сол дәстүрді біз жаңғыртып кейінгі ұрпаққа жастар үйренсін деп насихаттап жүрміз.

ИНТЕРШУМ:Текемет басу

РКС:Әжелер клубындағы 15-тен аса ақжаулықты ана зейнетке шықса да, өнер мен шығармашылықтан қол үзген жоқ. Көпті көрген шежірелі әжелер қойдың жүнінен өзге де керемет дүниелер дайындайды. Өзіндік эксклюзивті шұлықтар мен жастықтар, төсеніштер мен текеметтер көзін жауын алады.

СНХ:ШАРҒИЯ БЕКБЕРГЕНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Бұрынғы кездегі дәстүрді жаңғыртып осындай істер істеп жатырмыз. Жүнді бірінші ұршықпен иіріп алып бояймыз, сосын жуамыз. Одан кейін оны домалатып аламыз. Маңайдағы көршілерді шақырып алып далаға қазық қағамыз.Одан соң соған өрнек істейміз.

ИНТЕРШУМ: ӘЖЕЛЕР ӘНІ

РКС: Ауылдағы әжелер клубы болашақ аналарды мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеуге зор ықпал етіп отыр. Жастарды ұлттық өнерге баулу қажет. Ол да білім ошағынан бастау алса,-дейді әжелер.

СНХ:АЙНАГҮЛ ТАУЫШЕВА, ӘЖЕЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Әжелеріміздің арқасында осы мектептің қабырғасында оқып жүрген қыздарымызды тәрбиелеудеміз. Яғни, ата-баба дәстүріне бағыттаудамыз. Әрбір әженің өнері бар. Олар оқушыларға ою оюды, алаша тоқуды, ұршық иіруді көрсетіп үйретуде.

РСК: Әжелердің қолынан шыққан мына дүниелердің бояуы бір-біріне үйлескен. Көздің жауын алатын сәнділігімен құнды. Сондықтан асыл әжелер ата-бабамыздың асыл мұрасын сақтап, күллі әлемді таң қалдырған киіз басу өнерін келер ұрпаққа аманат етуге ниеттеніп отыр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ