ДК:Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда 2021 жылы «Қоғамдық бақылау туралы» заң күшіне енді. Қазіргі таңда Ақмола өңірінде «Әділдік жолы», «Облыстық табиғи монополиялар субъектілері қызметтерін тұтынушылар» және «Наше право» қоғамдық бірлестіктері аталған заң шеңберінде өз міндеттерін атқарып келеді.
РКС:«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау және іске асыру. Ұйым азаматтарға құқықтық мәселелер жөнінде тегін кеңес беріп, әр арыз-шығымды заң төңірегінде шешеді. Сондай-ақ, өңірге бөлінген қаражатты игеру тиімділігінің мониторингін жүргізіп, тұрғындардың өтініштеріне талдау жасайды. Тексеріс барысында құқық бұзушылық орын алған жағдайда, іс сотқа жіберіледі.
СНХ:АЛМАТ ЫСМАҒҰЛОВ, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысында іс жүзінде оқу курсынан өтпейтін адамдарға стипендияны негізсіз есептеу арқылы бөлінген қаражатты жымқыру және ысырап ету фактілері анықталды. Сондай-ақ, білім беру саласында іссапар шығындарын негізсіз есептеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау деректері де расталды. Сонымен қатар, «Артспорт» спорттық және шығармашылық тапсырыстарды қаржыландыру кезінде жемқорлық фактілері анықталған.
РКС: Азаматтық қоғамды қалыптастыру мемлекеттің дамуын алға жетелеп, халықтың түрлі салалар бойынша мәселелерін шешуге ықпал ететін фактор екенін айта кету керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асырарда азаматтық қоғам институттары қызметін жетілдіру үрдісі қалыптасып келеді.
СНХ:ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, «НАШЕ ПРАВО» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, мәселелерді шешудің арқасында азаматтар мен нақты мемлекеттік органдар арасындағы байланыстың "тығыздығы" артып жатқанын атап өту керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында "КOKSHETAU ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесі мен "SAGADIEV&PARTNERS" адвокаттық кеңсесі арасында тегін заңгерлік кеңес беру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру кезінде құқық бұзушылықтар анықталады. Қоғамдық тыңдаулар өткізбей егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету, үлескерлердің қаражатын тартпай-ақ тұрғын үйлер салу бойынша мониторинг жүргізіледі.
СНХ:АРМАН САДЫҚОВ, «ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТҰТЫНУШЫЛАР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Конституцияға сәйкес, азаматтардың бірігіп, мемлекеттің басқару ісіне қатысуға құқығы бар. Ұйымның негізгі қызметі - өңірлерді дамыту мен жоспарлары мен мемлекеттік органдардың жалпыұлттық басымдықтарды дамыту жоспарларын қамтитын жоспарлау, мемлекет жүйесінің құжаттарын іске асырудың қоғамдық мониторингін іске асырумен байланысты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасы дәл осы азаматтық бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
РКС:Қазіргі таңда облыс тұрғындарының жайылымдық жерлерге қатысты арыз-шағымы көбейген. Мамандар қарапайым ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге тырысып жүр. Себебі, шалғайдағы елдімекендерде құқық бұзушылық әрекеттерден зардап шегіп, заң аясында тегін көмекке зәру азаматтың қатары көп.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ