ДК: Білім саласының ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Тельман Мұқышев 85 жасқа толып отыр. Осыған орай қаладағы мектеп оқушыларының арасында шахматтан ашық турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа қоғам қайраткері көзайым болып, жас шахматшыларға сәттілік тіледі.

РКС:Қалалық шахмат турниріне 25 мектептен 50-ге жуық оқушы қатысып отыр. Жарыс екі күнге жоспарланған. 25-ші ақпан күні үздіктердің есімі белгілі болмақ. Томирис Баймолдина 2 жыл ішінде зияткерлік ойынның қыр-сырын меңгерген. Осы уақыт аралығында қалалық және облыстық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болған.

СНХ:ТОМИРИС БАЙМОЛДИНА, №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Қазір 9 наурызда өтетін облыстық турнирге дайындалып жүрмін. Ол жарыста бірінші орын алсам, республикалық деңгейде өнер көрсетуге мүмкінді аламын. Бүгінгі өткізіп жатқан турнир де ұнап жатыр. Бірінші орынды иеленуге тырысамын. Мұндай жарыстар жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылса екен деймін.

РКС:Тельман Шәріпұлы білім саласындағы мансабын қарапайым мұғалімдіктен бастап, облыстық деңгейдегі басшы лауазымына дейін көтерілген. Оқу-ағарту Министрлігі жанындағы Білім басқармалары басшылары кеңесінің президенті болды. Ұзақ жыл өскелең ұрпақтың мүддесі үшін қызмет арқарған. Жастайынан шахматқа үлкен қызығушылық танытқан абыз ақсақал мерейтойына орай осындай спорттық шараның ұйымдастырылғанына қуанышты.

СНХ:ТЕЛЬМАН МҰҚЫШЕВ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Мен баяғыда айтатынмын, шахматты мектепте сабақ ретінде жүргізу керек. Аптасына 1-2 сағат. Неге десеңіз, оқушының ойын одан әрі дамыта беретін бұл да математиканың бір саласы. Мен өзім жасымнан шахмат ойнадым. Облыстың чемпионы болдым бір кездері. Әлі күнге дейін тастаған жоқпын.

STAND-UP:ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ТІЛШІ: Шахмат дегеніміз – формасы бойынша ойын, мазмұны жағынан – өнер, ал ойынды меңгеру жағынан – ғылым іспеттес. Ғалымдар шахмат ойыны барысында адам миының екі бөлігі де жұмыс істеп, концентрациясы жоғарылайтынын дәлелдесе, психолог мамандар ұзақ жылдар бойғы тәжірибе есте сақтау қабілетін дамытып, ерекше идеяларды ойлап табуға септігін тигізетінін айтып отыр. Сондай-ақ, мұндай дербес ойын арқылы кез-келген адам ой-өрісін кеңейте алады. Шах және мат!

РКС:Ойын швейцариялық жүйеде өтіп жатыр. Әр оқушы 30 минуттан 7 қарсыласпен бақ сынасады. Жарыс балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат спортын насихаттап қана қоймай, оқу орындары командаларының даму деңгейін анықтауға бағытталған.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ