ДК: Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясында «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаеваның жеке концерті өтті. Музыкалық кеште халықаралық байқаулардың лауреаты, концертмейстер Эльдар Минюков фортепьянода сүйемелдеп отырды. Классика жанрындағы бұлбұл үнді тыңдауға әншінің тыңдармандары, жақындары мен шәкірттері жиылды.
ИНТЕРШУМ: жеке концерттен үзінді
РКС: Кеш шымылдығы Петр Чайковскийдің Лев Майдың сөзіне жазылған “Хотел бы в единое слово” романсымен басталды. Шолпан Дүкімбаеваның орындауындағы “Гауһар тас”, “Здесь хорошо” әндерін көрермені сүйіп тыңдайды. Сондай-ақ, “Евгений Онегин”, “Джаконда” операларынан да ариялар орындалды.
СНХ: ШОЛПАН ДҮКІМБАЕВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Бүгінгі кеш вокалды классикалық музыкаға арналған. Бұл жеке концертіммен сүйікті Көкшетауымды, тыңдармандарымды қуантқым келді. Бұл концертке 2 ай көлемінде дайындалдық.
РКС: Шығармашылық кеште әншінің шәкірттері де өнер көрсетті. Олар Абайдың “Өзге, көңілім, тоярсың”, “Не ветер вея с высоты” әні мен Моцарттың Деспина ариясын көрермендерге тарту етті. Шәкірттері тыңдармандарды классикалық әуендерімен қуантып, ұмытылмас кеш сыйлады.
СНХ: АМАНҒАЛИ ЖҰМАТАЕВ, ШОЛПАН ДҮКІМБАЕВАНЫҢ ШӘКІРТІ: жылдар аралығында Біржан сал атындағы колледжде эстрадалық-вокалдық мамандық бойынша Шолпан Базаровнаның оқушысы болдым. Ол кісі жайлы көп айтуға болады. Атап айтсақ, ол кісі тек вокал жағынан емес, өмірлік сабақтарды көп беретін.
РКС: Бұған дейін Шолпан Базарқызы Қазақ ұлттық музыка академиясы мен Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының сахнасында да жеке концертін берді. Ол тек Көкше өңіріне ғана емес, көршілес Ресейдің, алыс-жақын шетелдік көрермендерінің ыстық ықыласына бөленіп, көзайымына айналды. Шолпан Базарқызы 1988 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын аяқтады. Одан соң жолдамамен Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясына солист болып орналдасып, зейнет демалысына шыққанға дейін еңбек етті. Әнші әлі де көрерменін әсем әнімен баурап келеді.
АИДА ХАМИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ