ДК: Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателер - қоғамдағы жиі сынға ұшырайтын, аса өзекті мәселелердің бірі. Былтыр өңірде 5 мыңнан астам көрнекі ақпарат тексерілген. Оның 1500-ге жуығы орфографиялық нормаларға сәйкес келмеген.
РКС: Өңірде сауда және қоғамдық тамақтану орындары, медициналық мекемелер, қонақүй мен шаштараздардың, сондай-ақ, нотариус, пошта бөлімшелері және банктерде орналасқан ішкі және сыртқы көрнекі ақпараттар тексерілген. Көшеде орнатылған билбордтарда грамматикалық қателер жиі кездеседі. Мамандар жеке кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты орналастыруда тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсетеді.
СНХ: МӨЛДІР ДЕМЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Айта кетерлік жағдай осы ақпан айында облыс бойынша 74 медициналық нысанның 452 көрнекі ақпаратты қамтылды. Оның ішінде 50% астамы заңнама талаптарына сәйкес келмегендігі анықталды. Атап айтқанда, тек орыс тілінде немесе тікелей аударылған ақпараттар анықталып, түзету жұмыстарын жүргізуге жеке кәсіпкерлерге немесе мекеме басшыларына белгілі уақыт берілді.
РКС: Филологтардың пікірінше, бұл мәселе өзекті. Ішкі немесе сыртқы жарнама бірден көзге көрінудің, қоғамға әсер етудің маңызды құралы.
СНХ: ГҮЛНӘР ФАТКИЕВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Жарнамада жазылған тіл арқылы ұлттың менталитетін ажыратуға болады. Яғни, қазақ елінің мәдениетін анықтай аламыз. Мемлекеттік тілдегі әдеби тіл нормаларының сақталуы, орфографиялық қателердің болмауы, осының барлығы адам санасына тез әсер етеді. Сол арқылы жазылу үрдісін есте сақтаймыз.
РКС: Жарнама мәтіндеріндегі қателерге қатысты жұмыс жоспары бекітілді. Егер ішкі және сыртқы көрнекі ақпаратта нормалардың бұзылуын, мемлекеттік тілдегі деректердің жоқтығын байқаса 25-81-09 телефоны арқылы байланыс орталығына хабарласа алады.
АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ