ДК: Жазушы Әлия Ахетованың «Сестра моя жизнь» атты кітабының таныстырылымы өтті. Шығарма Ауған соғысында көптеген адамның өмірін сақтап қалған санитарлық батальонның қаһарман медбикесіне арналған.
ИНТЕРШУМ: кітаптың таныстырылымы
РКС: Автордың еңбегі Ауған соғысында 3 жыл медбике болып еңбек еткен Рауза Тәшмұқанова-Ережеповаға арналған. Баграм медициналық санитарлық батальонында қан құюға маманданған жалғыз адам болғаны баяндалады. Қызмет барысында өз өмірін қатерге тігіп, медбике ауыр жараланған сарбаздардың қан тобын анықтап отырған. Сондай-ақ, бүкіл дивизия бойынша донорларды іздеген.
СНХ: ӘЛИЯ АХЕТОВА, ЖАЗУШЫ: Ауған соғысына қатысқандар туралы бірнеше кітап жаздым. Облыстың 19 ауданнын аралап, Дуанбай Ыбыраймен екі кітапты аяқтадық. Бүгін Рауза Ережепованың қызмет жолына арналған кітаптың таныстырылымы. Ол санбаттың батыр медбикесі болған. Ұрыс алаңында адам өмірін арашалаған ержүрек қыз. Бұл кітап басты кейіпкердің көзі тірі кезінде жазыла бастағанын айтқым келеді. 18 ақпан күні тура 60 жасқа толар еді. Сондықтан қызы Гүлмира бұл кітапты дәл осы күнге орайластырып дайындады.
РКС: Әлия Ахетованың кітабының жарыққа шығуына ауған соғысының ардагерлері де зор үлес қосты. Бұл туындыға да ерекше қолдау көрсетілді.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Раузаның 60 жылға толу мерейтоына Алия Ахетова Қойшыбайқзы тағы кітап шығарып отыр. Оған дейін “На той войне не знамениты” деген Ақмола облысы бойынша 2 ғылыми кітап шықты. «Сестра моя жизнь» кітап. Ол Рауза Бограм қаласында 85-тен 88-ге дейін ақхалатты жандар көп көмек жасаған. Өмірбаянын, өткен бүкіл тарихын осы кітаптың ішінде жазылған. +++ 01:15 Олардың алдында басымзды иіп, рахметімізді айтамыз.
РКС: Кітап авторы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанының 35 жылдығына орай тағы бір туынды жазуды жоспарлап отыр.
АИДА ХАМИТОВА, РАХАТ САЛЕЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ