ДК: Облыс орталығында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. Күн тәртібінде - мүгедектікті белгілеу және сырттай куәландыру, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету, зейнетақы және әлеуметтік қолдау.

РКС: Бүгінгі таңда өңірде мүмкіндігі шектеулі 29 мыңнан астам адам тұрады. 293 мыңдайы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғимараттарға кірудің қолжетімділігі мәселесі өткір тұр. Облыс бойынша жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес 19 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар ерекше көмекке мұқтаж адамдарға қолайлы жағдаймен қамтамасыз етпеген.

СНХ: СЕРАЛЫ ТӘЖІХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша біздің қызметкерлер тексеру жүргізіп, 90 нысанға барды. 5 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы іс-шараны пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдарға арналған ғимараттарға кіру мәселесін нормаға сәйкес түзету, облыс ғимараттарының барлық меншік иелерін, жалпымемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың басшыларын бақылауға алу қажет.

РКС: Елордадан мүгедектер арбасын жеткізу мәселесі қарастырылуда. Облыс орталығында филиал ашу жоспарланып отыр. Бұл шаралар азаматтардың көлік құралын тікелей таңдай алуы үшін қажет.

СНХ: РАМАЗАН МҰҚАТОВ, «БІРЛІК» МҮГЕДЕКТЕР ОДАҒЫ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Осы аптада презентациялық іс-шаралар өткізіледі, келесі аптада мүгедектер арбасының дайын үлгілерін әкелеміз. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағымды жаңалық. Енді олар орталыққа келіп арбаларды өз көздерімен көре алады.

РКС: Жиын барысында көтерілген мәселелердің әрі қарай шешілуі бақылауға алынды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ