ДК: Өңірде 12 мыңнан астам ерекше білімді қажет ететін бала бар. Өкінішке орай жыл сайын олардың саны артып келеді. Сондықтан, балалардың сапалы білім алу мүмкіндігі басты назарда. Қазір облыс бойынша 21 инклюзивті білім беруді қолдауға арналған ресурстық кабинет бар. 2025 жылға дейін олардың санын арттыру жоспарланған.

РКС: Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Бүгінгі таңда ерекше мұқтажы бар балалардың 7 мыңнан астамы мектепте оқиды. Оның ішінде 600-ге жуығы арнайы кабинеттерде, ал 5 мың оқушы инклюзивті білім алады. Ақмола облысы бойынша ерекше білімді қажет ететін балаларға араналған арнайы 5 мектеп-интернат бар. Жаңадан біреуі Көкшетау қаласындағы №4 арнаулы мектеп-интернатына қосымша салынып жатыр. Нысанды пайдалануға беру биылға жоспарланған.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Маңызды мәселелердің бірі – білікті мамандармен қамтамассыз ету. Облыста бүгінгі күні 700-ге жуық арнайы педагог-логопедтер бар. Оның ішінде дефектологтар, тифлопедагтар, сурдопедагтар, олигофренопедаг және педагоги-психологтар жұмыс істейді. Осы бағыттағы жұмыста кейбір аудандарда педагогтардың жетіспеушілігі бар. Бұл тұста логопед, дефектологтарға облыс әкімінің арнайы грантына қостық.

РКС: Биыл бюджет есебінен 193 млн. теңгеге 9 арнайы автокөлік сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, осы жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша ақмолалық балаларға 16 орын бөлінді. Ол Алматы қаласындағы арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында жүзеге асырылады. Өңірде 32 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі бар. Олардың 18-інде инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соңғы жылдары инклюзияны қолдау кабинеттерніне педагог-ассистент штатқа енгізілді. Бүгінгі күні 20 педагог-ассистент психологиялық, педагогикалық қолдау көрсетуде. 2022 жылы 54 педагог-ассистенттің 38-і Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ақылы негізде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

РКС: 16 колледжде ерекше білім беруді қажет ететін 158 студент оқиды. Барлық оқу орындарында педагог-психолог пен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ 2 колледж ұжымында сурдоаудармашылар бар. Колледждердің кіреберісінде пандустар салынып, сырғанамайтын жабын, арнайы оқу әдебиеттері орнатылған.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ