ДИКТОР: Биыл 19 ақпаннан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу ережесі өзгереді. Енді бұл төлемдерді орта және шағын бизнес өкілдері де аударуы тиіс. Сондай-ақ, кейбір санаттағы жұмыс берушілер жарнадан босатылмақ.
РКС: Жұмыс берушілер жарнаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына арнаулы салық режимдері мен бірыңғай төлем шеңберінде аударатыны белгілі. Олар оны уақытылы төлеуі тиіс.
СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Салық кодексіне 2023 жылы енгізілген өзегірстерге сәйкес, бірыңғай жалақы төлемі деген ұғым пайда болды. Бұл арнайы салық режимін қолданатын орта және шағын бизнес өкілдеріне әсер етті. Ендігі жарна табыстың 20 процентін құрайды. Төлем мерзімі әр айдың 25-іне дейін. Яғни, қаңтар айындағы жарнаны ақпанның 25-іне дейін төлеу қажет.
ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Егер қызметкердің жалақысы 100 мың теңге болса, оның 20 проценті бірыңғай төлем ретінде алынады. Ал сол аударымның 9 проценті табыс салығына, тең жартысы зейнетақы қорына, 15 проценті әлеуметтік аударымдарға және 16 проценті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі. Сондай-ақ, 10 проценті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна ретінде төленеді.
ИНФОГРАФИКА :
100 мың теңге
1. Табыс салығы -1800 теңге
2. Міндетті зейнетақы жарналарына - 10 000 теңге
3. Әлеуметтік аударымдарға- 3000 теңге
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына -3200 теңге
5. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - 2000 теңге
БАРЛЫҒЫ: 20 000 ТГ НЕМЕСЕ 20%
РКС: Сонымен қатар, жұмыс берушілер жүктілікке және босануға байланысты еңбек демалысындағы қызметкерлерге, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналардан босатылады. ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»