ДК: 6 жасында өзінің жалынды жырларымен алты Алашқа танылған Жамбыл Дүйсенұлының «Тәуелсіздігім – тұмарым, бірлігім – ұлы ұраным» атты шығармашылық кеші өтті. Таудай талабымен талайды таңдаңдырған ерекше дарын иесі Гиннесстің рекордтар кітабына енген.
ИНТЕРШУМ: өлеңінен үзінді
РКС:Жамбыл Дүйсенұлы қазір 19 жаста. Жас болғанына қарамастан ол поэзиялық 3 жыр жинағын шығарған. Оның өлеңдері терең лирикамен ерекшеленіп, қазақ поэзиясының алыптары Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынованың туындыларымен үндестік тауып келеді.
СНХ:АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің Жамбыл ұлымыз халыққа қазақтың, қазақ жерінің дәстүрін, мәдениетін, тілін халыққа жастарға жариялап насихаттап жүр. Сондықтан, мен ойлаймын, осындай іс-шара көп болса, біз қуана-қуана көмектесеміз. Енді бүгін Көкшетау мәдениет сарайында кеш жоғары деңгейде өтті. Біздің Жамбылымызға тек шығармашылық табыс, өнері үстем болсын. Жылда Көкше жеріне келе берсін.
РКС:«Сарқытымын Жамбыл қарттың, Жамбыл менің есімім»,-деп жырлаған жас ақын бүгінде Қазақ елінің түкпір-түкпірін аралап, авторлық өлеңдері мен қазақ поэзиясы дүлдүлдерінің шығармашылығын танытып жүр.
СНХ:ЖАМБЫЛ ДҮЙСЕНҰЛЫ, АҚЫН: Алла қалап, кештерім өткеннен кейін, жақын арада өзімнің үшінші кітабымды «Өлеңім менің өмірім» деген тақырыппен шығару жоспарымда бар. Және де бұған дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінде, айта кетсем, Қарағанды, Қапшағай, Жезқазған, Ақтөбе, Түркістан аймақтарында өзімнің жыр кешімді өткіздім. Енді жақын арада Алматы және Астана қаласында Президенттің қатысуымен үлкен кеш өткізу жоспарда бар.
РКС:Жас ақын шығармашылық кеште отты, жалынды жырларынан бөлек марқұм болған әжесі мен әпкесіне, ақ батасын берген ақын Фазира Оңғарсыноваға арнаған сезімге толы өлеңін оқып, көрерменнің жанын тебірентті. Ақын жанын тереңінен ұғынған қауым көздеріне жас алып, ерекше ықылас білдірді.
ИНТЕРШУМ: арнаудан үзінді
СНХ:МӘНШҮК ОТАРБАЙ, КӨРЕРМЕН: Мұндай кеште бірінші рет болуым. Бірақ, маған осы кештің әсері жақсы тиіп жатыр. Өзіме шабыт алудамын. Өнер жолында тек жетістікке жете берсін деп тілеймін жас ақынға. +скл+ Өлеңдері жақсы, жүрекке тиетіндей. Адамның көңілін, адамның бойындағы тамырын шымырлататындай жақсы кеш болды.
РКС:Жамбыл Дүйсенұлының өлеңдерінде патриоттық сезім басым. Қазақтың маңдайына біткен біртуар асыл азаматтарға арналған арнаулары да көрерменге рух сыйлап, ұлыларымызды дәріптеуге шақырды.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ