ДК: Көкшетауда қоғамдық дәретхананың жоқтығы тұрғындарды алаңдатып отыр. Өткен жылы бұл мәселені мәдениет және спорт минстрі көтерген. Ол еліміздегі туристік орындарда 500-ге жуық қоғамдық дәретхана жетіспейтінін айтты. Бүгінгі күні 158-і ғана салынды. Ал Көкшетау қаласында бірде-біреуі жоқ.

РКС: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 2 бойжеткеннің қоғамдық орындағы құйтырқы әрекеті желіде тарап кеткен. Бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушылары арасында дау туғызды. Жақында дәл осындай заң бұзушылыққа барған ер адам 7 тәулікке қамауға алынды. Көкшетау қаласының тұрғындары мұның барлығы қоғамдық жерде дәретханалардың жетіспеушілігінен деп отыр.

ГРАФИКА-КОММЕНТАРИЙЛЕР:

-Лучше бы наставили биотуалетов платных, реально сходить некуда. Ну, вот приспичило мужику. А туалетов нет..

-это все конечно ужасно, но что делать, если туалетов нет?!

-сколько можно такое публиковать, в городе реально нет туалетов, поставьте платные хотя бы???

БЛИЦ:

- для этого должны быть туалеты, вот даже мы проходим по городу, в любом месте должны быть туалеты. Вот мне срочно надо, что делать? +++ у нас такая проблема уже сколько лет++нет ни туалетов ничего, ++ это проблема у нас в городе давно.

-любой человек захочет, сходить и справить свою нужду, должно быть на улице куда можно сходить.

- а куда деваться людям? ++нету биотуалетов, ничего нету,

- конечно, осуждаю, но желательно, чтоб были такие вещи, потому что есть люди пожилого возраста, у которых уже сложности, поэтому желательно, чтобы были.

СНХ:ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Саябақта қоғамдық дәретхана бар. Ол жеке кәсіпкердің меншігінде. Оған жұмысын қайта қолға алу жөнінде хабарлама жіберілді. Орындамаған жағдайда жерді тәркілеуге қатысты іс сотқа жіберіледі. Сондай-ақ, мерекелер мен іс-шаралар кезінде орнату үшін биодәретханалар сатып алу қарастырылуда.

РКС: Қоғамдық жерде тәртіп бұзғандардың кесірінен жалпы статистика да нашарлайды. Мәселен, «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылған азаматтардың саны екі есеге артқан.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Бүгінгі күні аталған жағдай бойынша азаматтық қоғамның қолдауы сезіліп жатыр. Құқық бұзушылық 3 жолмен анықталады. Бұл жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесінің камералары және патрульдік бақылау. Алайда, кей жағдайда паррульдік қызметкер визуалды түрде үлкен көлемді көре алмайды. Мұндай кезде әлеуметтік желілерде мониторинг жүргіземіз. Тиісінше, мұндай тұлғаларға әкімшілік шаралар қабылданады.

РКС: Қоғамдық дәретхана мәселесі 3 рет талқыға салынды. Қазіргі таңда қалаларда қоғамдық дәретхана орнату әр әкімдік үшін нормативтік құқықтық актілермен бекітілген. Бұл бағдарламаны 2025 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ