ДК: Өңірде екінші мәрте облыстық робосумо чемпионаты өтті. Басты мақсаты- робот сумодағыдай қарсыласын қара шеңбердің сыртына шығаруы тиіс. Байқауда 60 команда бақ сынасты. Қатысушылар жаңа заманға сай білімі мен өнертапқыштық дәрежесінің деңгейін көрсетті. Олар чемпионатқа салмағы 3 келіге дейін жететін лего бөлшектер арқылы құрастырған роботтарын ұсынды.

РКС: Байқауға қатысушылар топтық жүйеде роботты бағдарламалау арқылы бақ сынасты. Яғни, құрастырған роботтарын арнайы сызық бойымен жүргізіп, робот ішіндегі бағдарламалардың дұрыс жазылғанын және құрастырылғанын көрсетті. Сайысқа келген Павел Лупиков 3 жылдан астам робототехникамен айналысып келеді.

СНХ: ПАВЕЛ ЛУПИКОВ, РОБОСУМО ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ (БҰЛАНДЫ АУДАНЫ):  Бүгінгі жарысқа 10х10 көлеміндегі роботты жинап алып келдік. Оны құрастырып, жинауға екі аптадай уақыт кетті. Болашақта IT программист немесе робототехника саласының маманы болуды армандаймын.

РКС: Командалармен бірге чемпионатқа олардың педагог-тәлімгерлері де келіпті. Әр аймақтан 40-қа жуық жаттықтырушы қатысты.

СНХ: ДУЛАТ ОСМАНОВ, РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Осы жарысқа 25х25 категориясы бойынша салмағы 1кг-ға дейінгі жарысқа қатысамыз. Бұл роботты біз 2 апта дайындадық. Бірінші кезеңінде роботты құрастыру болса, екіншісі оны дайындау. +++00:33 Жүлделі орынға ие боламыз деген ойдамын.

РКС: Жарысқа 12 мен 17 жас аралығындағы 120 бала қатысты. Аудандардан және робототехника үйірмелерінен келген жаөспірімдер 3 санат бойынша жарысты. Былтыр бұл чемпионат пилоттық жүйеде енгізілген. Бүгінде робототехникаға үлкен көңіл бөлініп отыр. Тіпті, биыл қатысушылар саны екі есеге артқан.

СНХ: ӘСЕТ ӘБДІҒАППАРОВ, РОБОСУМО ЖАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Жыл сайыс роботехника бағыты бойынша “Робосумо” сайысын өткіземіз. Балалардың сүйікті байқауына айналған десем де болады. Біздің көздегеніміз-сайысты ойын түрінде өткізе отырып, балаларға роботты құрастырудың тиімді жақтарын үйрету. Сондай-ақ, бағдарламалау тілін жеңіл түрде жеткізу.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша 10*10 көлемдегі 1 кило санаты бойынша бірінші орынды 1-ші мектеп-гимназиясының оқушысы Никита Гончаров пен Данил Гизик иеленсе, 25*25 көлеміндегі 3 килограмдық санатта Әл-Фараби атындағы ІТ-лицейінің оқушылары Әбілмансұр Қизат пен Әділхан Дәулетбай жеңімпаз деп танылды. Дәл осы көлемдегі 1килолық санатта «Болашақ Сарайынан» жасақталған команда құрамы жүлдегер атанды.

АИДА ХАМИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ