ДК: Көкшетауда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті. Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің әр түкпірінен түрлі жастағы 100-ден астам спортшы қатысты.


РКС: Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты классикалық стильде және блиц турнирде өтті. Сайысқа еліміздің 20 өңірінен 17 команда қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Классикалық турнирде Ақтөбе, Қызылорда мен Павлодар командаларының бағы жанды.

СНХ: АЗАМАТ ҚАЙДАРОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АҚТӨБЕ): Бұл сайыста біздің команда алтын және қола медаль алды. Классикалық турнирде бірінші орынды еншілесек, соңғы блиц сайыста Қарағандыдан келген команда жүлдегер атанды. Келесі сайысқа жақсы дайындаламыз. Бәрі жоғары деңгейде өтті, командалар мықты. Қарағандылық команданы жеңістерімен құттықтаймын, жақсы ойын өрнегін көрсете білді.

РКС: Сондай-ақ Қызылорда, Павлодар облыстарының командалары да блиц-турнирде мықты екендерін көрсетті. Қарағандылық Әділхан Төлегенов спорт шеберлігіне кандидат. Мұндай ауқымды сайысқа оның бірінші қатысуы емес.

СНХ: ӘДІЛХАН ТӨЛЕГЕНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚАРАҒАНДЫ): Классикалық жарыста сегізінші орынды иелендік. Бірақ, блиц-турнирде бағымыз жанып, жеңіс тұғырынан көріндік. Барлық команда мықты дайындықпен келіпті. Жаттықтырушылар Сәуле Қаратай мен Ерлан Құрманғалиевке алғысымды білдіремін.

РКС: Бұдан соң спортшылар Азия чемпионатына дайындалады. Тоғызқұмалақшылар Қырғызстанда өтетін сайыста ел намысын қорғайды.

РАУЗА ТӨЛЕУЖАНҚЫЗЫ, РАХАТ САЛЕЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ