ДК:1 наурыздан бастап судың бағасы қымбаттайды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатына көшу мақсатында өңірде тариф бағасын кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр. Биыл тариф 7,5 процентке артса, келер жылы 4 проценттік өсім қарастырылған.

РКС:Тарифті инвестицияға айырбастау жобасын іске асырудың негіз¬гі мақсаты – өңірде электр қуа¬тымен қамтамасыз ету және су құбы¬ры желілерінің, жылу коммуни¬ка¬циясының тозу деңгейін төмен¬детуге қол жеткізу. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Осыған орай өткен жылдың желтоқсанында жаңа заңға қол қойылды. Алайда тіршілік нәрінің бағасы тағы бірнеше себепке байланысты қымбаттап отыр.

СНХ:ДУМАН ҚАЛИБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Департамент өз тарапынан тиісті талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, субъектілердің есебін қарап 2021 жылы 1 миллиард 106 миллионға жуық өтемдік уақытша тариф енгізілген болатын. Олардың ішінде «Көкшетау су арнасы» бойынша бізде су беру және су бұру қызметтеріне 228 миллионнан астам уақытша өтемдік тариф бекітілген. Алайда, электр энергеясының бағасы өзгеруіне байланысты және сатып алынатын судың бағасы өзгеруіне байланысты +скл+ наурыз айынан бастап бізде баға 10 теңгеге өседі деп болжап отырмыз.

РКС:Қазір судың бағасы 1 текше метр үшін 75 теңге болса, ендігі кезде қарапайым тұрғындар тіршілік нәрі үшін 86 теңге төлейді. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер үшін тариф бағасы 14 процентке қымбаттайды. Өңір тұрғындары су құбырларының тозығы жеткеніне қынжылыс білдіреді. Әйтсе де бұл меселенің шешімі мемлекет тарапынан қарастырылғаны жөн деп санайды.

БЛИЦ:

- Қарсымын. Себебі, бұл жөндеу жұмыстарына меніңше әкімдіктен немесе мемлекет тарапынан бюджет бөліну керек деп санаймын. Бөліне алады деп те ойлаймын. Сол үшін халықтан қосымша ақы алу дұрыс емес. Себебі қазір халық үшін қиын уақыт.

- Повышение любого тарифа на обычного человека сказывается негативно. Наша заработная плата не растет как растут тарифы.

- Конечно это будет ощутимо. Особенно для пенсионеров. Людям и так не сладко живется. Мы ничего не можем сделать.

РКС:2025 жылға дейін өңірдегі желілер мен қуат көздерін жаңғыртуды аяқтау жоспарланған. Сол тұста жағдай қалыпқа келіп, коммуналдық қызметтердің бағасы тұрақталады,-дейді мамандар.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ