Диктор: Қорғалжын Агротехникалық колледжінде жастар 4 мамандық бойынша білім алады. Атап айтқанда мұнда ауыл шаруашылығына бүгіндері ауадай қажет орта буын мамандар дайындалып жатыр. Қуанарлығы студенттердің кітапқа деген сүйіспеншілігі артып келеді.

РКС: Түске дейін арнайы кабинеттер мен зертханаларда дәріс алатын студенттер аптасына бірнеше мәрте колледж кітапханасына келіп, өздері қалаған әдебиеттерді алып оқиды. Сөйтіп, болашақ ауылшаруашылығының мамандары рухани тұрғыда жетіледі.

СНХ: ГҮЛДЕН ОРАЗБЕКОВА, КІТАПХАНАШЫ: Біздің кітапхана жыл сайын әртүрлі әдебиеттермен толығады. Бірінші курсқа түскен әр студент біздің оқырман болып саналады. Мұнда болашақ мамандарға арналған кітаптар жеткілікті. Студенттеріміз қазақ жазушыларының шығармаларын да қызығып оқиды.

РКС: Жатақханада тұратын студенттерді колледж кітапханасынан жиі көруге болады.

СНХ: ӘЛІБЕК ҚАЗЫБЕК, СТУДЕНТ: Мен сабақтан кейін кітапханаға жиі келемін. Осы жерде отырып, мамандығыма байланысты кітаптарды, газет-журналдарды оқимын.

СНХ: АРАЙ ӘЛЕН, СТУДЕНТ:  Кітап – жан азығы. Сондықтан жастарға көп оқу керек. Біздің колледж кітапханасында әртүрлі кездесулер жиі өтеді. Біз осы жерде отырып, көптеген мәселелерді талқылаймыз.

СНХ: РУСТАМ НҰРТАЗИН, СТУДЕНТ: Мен болашақбағдарлашымын. Сондықтан кітапты көп оқу керек. Менің мамандығымабайланысты дүниелер колледж кітапханасында жеткілікті.

РКС: Колледж директоры Қайрат Сүйіндіков студенттердің кітап құмарлығын сүйсіне жеткізді. Бұл орта буын ауылшаруашылығы мамандарының болашақта жоғары білім алуға деген талпынысынан туындаған үрдіс.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.