ДИКТОР: Биыл өңірдегі жолдарды жөндеуге және салуға 40 миллиард теңгеден астам ақша бөлінді. Осының арқасында 200 жоба жүзеге аспақ. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Бурабай ауданына барып, 32 жобаның жоспарымен танысты.

РКС: «Көкшетау жолдары» серіктестігінің қызметкерлері арнайы қондырғының көмегі арқылы 150 мың тонна қиыршық тасты ұсақтай алады. Мұндай өндірістік қуаттылығы жоғары қондырғы жолдарды қажетті материалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

СНХ: ТАШМАҒАМБЕТ ҚАСЕНОВ, «КӨКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Бұл құрылғы сағатына 50 тонна қиыршық тастарды ұсақтай алады. Біз оны желтоқсан айында қойғанбыз. Алайда, оған жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өндірістік кешен келісімшарт аясында жүзеге асты. Облыстық жолаушылар көлігі басқармасымен Щучинск-Степняк-Уәлиханов жолын жөндеу үшін құны 8,7 миллиард теңге болатын келісімшартқа отырдық. Осы жылға арналған жүктеу жоспары 2,1 миллиард теңге.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 3 миллион теңгедей ақша бөліп отырмыз. Оған қоса Веденовкаға бөлінген 200 миллион бар. Обалыға да қаражат береміз. Мұның барлығы жолдың сапасына да әсер етуі тиіс.

РКС: Бүгінде өңірде 1 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Оған бюджеттен 65 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, 30 миллиард теңге қосымша қаражат беру туралы өтінім де рәсімделді.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР

КӨЛIГI ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІ: Жақында ғана Наурызбай батыр автожолын қайта құру туралы оң шешім алдық. 8 шақырымды жөндеу үшін 4,5 миллиард теңге бөлінбек. Енді байқау жариялаймыз.

РКС: Облыста жолдардың 5 учаскесі күрделі, ал 25 жол орташа және ағымдағы жөндеуден өтуі тиіс.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»