Диктор: Алыстағы ауылда спорттың бекзат түрі үстел теннисінің бұқаралық сипат ала бастады. Оны Қорғалжын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұл-қыздарының әртүрлі сайыстарға жүлдегер атанып жүргендігі дәлелдейді.

СТЕНДАП:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: 

РКС: 2018 жылы ашылған үстел теннисі үйірмесінен шеберліктерін шыңдаған Қорғалжын ауданы жастарының біразы үлкен спортқа ұмтылыс жасауда. Олар бұл табысқа жалықпай жаттығып, маңдай тер төгудің нәтижесінде қол жеткізуде.

СНХ: ЕРМҰХАН ОМАРОВ, БАПКЕР: Гуманитарлық колледжді бітіргеннен кейін теннис үйірмесіне бапкер болып келдім. Қазір қарамағында 25 бала жаттығады. Өзара және аудандық жарыстар жиі болады. 2022 жылы көрші аудандарда бірнеше рет жеңімпаз болдық. Егіндікөл және Астрахан аудандарындағы теннисшілермен жиі кездесеміз.

ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ

СНХ: АЙСАЯ АЛТАЙБАЕВА, ТЕННИСШІ: Мен тенниспен 2019 жылдан бері айналысамын. 3 бапкерлерде дайындалдым. Олар Әділхан, Әбілмансұр, Ермұхан ағайлар. Бәрі де мені теннистің қыр-сырына үйретті. Алғысым шексіз.

РКС: Қолына ракетка ұстаған қорғалжындық ұл-қыздардың үстел теннисіне деген қызығушылығы артып келеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ .