ДК: Облыс аумағында заңсыз қару-жарақ сақтағандарды анықтау мақсатында «Қару» жедел алдын алу шарасы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Статистикалық мәліметке сүйенсек, былтыр өңірде 3 шара өткізіліп, бірқатар заңсыздықтың беті ашылған.

РКС: Құқық қорғау органы қызметкерлерінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде заңсыз айналымда жүрген 86 атыс қаруы тәркіленді.

СНХ: АРМАН НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ: Атыс қаруын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, 2022 жылы қару иелері қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 484 бабы бойынша 690 қару иесі және 486 бабы бойынша 194 қару иесі жауапкершілікке тартылды.

РКС: Жыл сайын Ішкі істер министрлігі халықтан тіркелмеген қаруды сатып алу акциясын өткізеді. Мәселен, былтыр 100-ден астам тіркелмеген атыс қаруына 6 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы берілген. Айта кету керек, қару-жарақты заңсыз сақтағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал өз еркімен құқық қорғау органына тапсырған азаматтарға ешқандай жаза қолданылмайды.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ