ДК: «Зерделі ұрпақ» қоғамдық қоры мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 1-ші мектептің оқушыларына әлеуметтік форум-театр ұйымдастырды. Ол-жастармен жұмыс істеудің тиімді интерактивті эмоционалды әдісі. Бір қызығы, әлеуметтік театр қойылымына сол білім ошағының өрендері қатысып, актер рорлін сомдап шықты.

РКС: Нашақорлық дерті күн сайын өршіп барады. Әсіресе жасөспірімдер еліктегіш келеді. Сондықтан, мұндай шаралар өскелең ұрпақ үшін маңызды. Бұл драманың сценарийін мектеп оқушылары өздері жазған. Залдағы оқушылар қойылымдағы жағдай жайлы өз пікірлерін білдіріп, өздері қойылымның соңын өзгертуге тырысты, яғни мәселеден шығудың жолдарын ұсынды.

СНХ: РӘЗИЯ КУРСАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Есірткіге қарсы иммунитетті вакцинациялауда біз нашақорлықтың алдын алуды жүзеге асырудың дәстүрлі нысандары мен әдістерін қолданамыз. Жасөспірімдердің санасына және олардың проблеманы қабылдауына тиімді әсер ететін іс-шаралардың жаңа форматтарын енгізуге тырысамыз. Нашақорлық мәселесін көрермендерге әлеуметтік театр арқылы жеткізу тәжірибесін біз бір жылдан астам уақыт бойы қолданып келеміз. Бұл бізге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі деп сенемін.

РКС: Қойылым ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Өйткені, оқушылар жан-тәнімен беріліп, ольді сомдап шықты. Балғын көрермендер ерекше қошемет көрсетті.

СНХ:КРИСТИНА СЕМЕНЕНКО, № 1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгін бізге есіркіні қолданудың зияны туралы қойылым көрсетілді. Менде бұл қойлымға атсалыстым. Рольді сомдадым. Маған өте қиын болды. Осындай нашақорлық жолға итермелейтін адамдардан аулақ болу керек екенін түсіндім.

РКС: Көрерменін терең ойға қалдырған қойылымның бүгінгі ұрпаққа берер ғибраты мол болды. Жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыру біз үшін маңызды,-дейді ұйымдастырушылар.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ