ДК: Облыс аумағында өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 процентке өсті. Ал жылдық көрсеткішпен есептесек, 23,9 процентке қымбаттаған. Азық-түлік бағасының көтерілмеуіне жол бермеу мақсатында ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторингтік топтың құрамына «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының өкілдері енген. Олар облыс орталығындағы базарларды аралап, жалпы жағдайды бақылап қайтты.

РКС: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 өнім кіреді. Еліміз бойынша олардың бағасы жылына 23,4, ал Ақмола өңірінде 23,9 процентке қымбаттады. Бағаның өсіп кеткеніне тұрғындар алаңдаулы.

БЛИЦ-САУАЛ:  - Конечно ощущается, на молочные продукты, даже хлеб. / Мы сюда приезжаем в основном, сами с села. Не знаю как дешевле тут, просто привыкли. //00:36//

- На молоко, молоко вообще ужасно, и хлеб тоже дорогой. Если дома семья большая, вообще я не знаю, 6 детей когда в день 3-4 булки хлеба надо, это 1000 тенге, а молоко? Точно также. //00:54//

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексін нақтылады. Осылайша, бір жыл ішінде ең жоғары өсім тіркелген тауар бағасы тіркелді. пияз- 69,3, қант -55,5 процентке қымбаттаған. Сондай-ақ жұмыртқа- 46,3, күріш 44,7 процентке және нанның бағасы 26,4 процентке көтерілген.

ИНФОГРАФИКА:

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ БАҒА ИНДЕКСІ

ПИЯЗ - 69,3%

ҚАНТ - 55,5%

ЖҰМЫРТҚА - 46,3%

КҮРІШ - 44,7%

НАН - 26,4%

РКС: Облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өзгеруі туралы ақпарат партиялық бақылау комиссиясының отырыстарында қаралады.

СНХ: ИГОРЬ ПЛЮСНИН, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Тыңдаудан кейін біз мәселені талқыға салдық. Өйткені, көптеген басқармалар нарықтық экономика аясында бағаны қатаң реттеу және бекіту мүмкін емес екенін айтады. Оған бірқатар фактор әсер етеді. Оның ішінде логистика және қысқы уақытта жанар-жағармай құнының өсуі. Мәселені Астана, тіпті республика деңгейінде қарастырып жатырмыз. Бұл өте маңызды. Сол тұста халықтың осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

РКС: Айта кетейік, елімізде отандық өнімдерге, сырттан әкелінетін тауарға және сатуға шығарылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төменгі көтерме баға енгізіледі. Тиісті ережені Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген.

АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ