ДК: Халыққа шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін жедел жәрдем бригадасының құрамы өзгереді. Ол – парамедик. Яғни, алғашқы көмек көрсетуге қатысты қосымша функцияны орындай алатын қызметкер. Сондай-ақ, кәсіптік даярлық курсынан өткен адам. Сала мамандары мұндай өзгерістер жұмыстағы жүктемені біршама азайтатынын айтады.

РКС: Өңірде медицина саласында маман тапшы. Ол жедел жәрдем бөлімшесінде де байқалып отыр. Жетіспеушілік салдарынан дәрігерлердің жүктемесі де артуда. Бір бригаданың орташа жүктемесі тәулігіне 12-13 шақыртуды құрайды. Мәселені шешудің бірден-бір жолы мамандар қатарын толықтыру. Салаға жауапты мамандар бұл жұмысқа арнайы рұқсат қағазы бар қызметкерлер ғана қабылданатынын айтты.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҒАЗИЗОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ол арнайы жедел жәрдем көрсету, реанимация, жүрек ауруларына, коронарлық ауруларға өзге де күрделі ауруларға жәрдем көрсетіп, анықтауға бір тұтас бригада ретінде жұмыс істеуге арнайы мекемелер. Сол мекемеден білім алып, рұқсат қағазын алып келуі керек. Қазір санитарлық автокөліктің жүргізушілері парамедик ретінде жұмысқа қабылданатын болады.  Мысалы, қарапайым шақыртулар болса, онда фельдшер, парамедик барады. Күрделі болса, екі фельдшер, бір парамедик немесе жүргізуші бара алады.

РКС: Асқар Тұрсынбаев жедел жәрдем станциясында 3 жылдан астам жүргізуші болып жұмыс істеп келеді. Ол парамедик қызметіне оқып, үйренуге қарсы емес. Өйткені, лауазымы жоғары, әрі еңбекақысының да сәйкесінше артатынын айтады.

 СНХ: АСҚАР ТҰРСЫНБАЕВ, ЖҮРГІЗУШІ: Дұрыс деп ойлаймын. Өйткені оқытып, айлығымыз көбейсе бригадамызбен бірге істеуге болады. Бұл мамандыққа үйренуге дайынбыз.

СНХ: НАДЕЖДА КАЛИНСКАЯ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЕМХАНА ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕСІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Жүргізушілер ендігі арада парамедик қыметін атқарады. Бұл бізге, әсіресе фельдшерлерге қуанышты жаңалық. Өйткені жұмыстағы жүктемені әлдеқайда азайтады.

РКС: Бұдан бөлек, халық саны 100 мыңнан асатын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дербес жедел медициналық жәрдем станциялары құрылады.

АИДА ХАМИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ