ДИКТОР: Өңірде 128 елдімекенді су басу қаупі бар. Бүгінде облыста тасқынның алдын-алу шаралары кешенді түрде қолға алынған. Жыл басынан бері 255 мың текше метр қар шығарылып, 5 шақырымнан астам өзен арнасы тазартылды. Нәтижесінде 113 аймақтағы қауіп сейілді,-дейді сала мамандары.

РКС: Өңір бойынша 65 елдімекенде инженерлік қорғау жоспарына сәйкес тиісті шаралар өткізілді. 24 шақырымнан астам су бұру жүйесі тазартылып, 6 шақырым бөгет нығайтылды. 34 су өткізу құрылысы жөнделді. Сондай-ақ, көктемге дейін өзен маңайында орналасқан қауіпті аймақтарды бақылайтын қосымша 92 бақылау бекетін салу жоспарланған.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қауіпті аймақтарға Атбасар, Сандықтау, Аршалы, Целиноград, Астрахан аудандары кіреді. Қалалар мен аудандарда орын алуы мүмкін су тасқынының алдын-алу мақсатында 160 мың тонна жанар-жағармай , 16 мың тонна инертті материал мен 63 мың қап дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

РКС: Қыстың алғашқы екі айында түскен қардың көлемі шекті мөлшерден аспаған. Казгидрометтің мамандары ақпан айында қар жауып, бұрқасын болады деп болжап отыр.

СНХ:НАДЕЖДА ГУРИШКИНА, ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///аударма/// Ақпанның бірінші және екінші онкүндігінің басында тұман түсуі ықтимал. Айдың басында көктайғақ болады. Ақпан және наурыз айларында жауын-шашын мөлшері нормаға сай түседі. Бірақ, бұл алдын ала болжам ғана. Ал ауа температурасы өткен жылдағыдай бірқалыпты болмақ.

РКС: Қазіргі уақытта су басу қаупі бар аймақтарда жедел түрде тасқынның алдын-алу шаралары жүргізілген. Оған бюджеттен қаржы да бөлініпті. Алайда, сала мамандары мұндай төтенше жағдай көбінесе елдімекендерде нөсер кәріз жүйелерінің болмауынан орын алады,-дейді.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл мәселені шешу қажет. Жұмыс істеңіздер. Ертең қандай да бір проблема болса, бізге келіп, көмек сұрайсыздар. Осындай жағдайдың алдын алу қажет. Кешенді түрде кезең-кезеңімен жұмыс істеу керек.

РКС: Бүгінде өңірде қауіптің алдын-алу жұмыстарына 2,5 мың адам мен 1 мыңнан астам техника жұмылдырылған.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»