ДК: Енді парламентте әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі 30 проценттен кем болмауы тиіс. Квота елімізде алғаш рет енгізіліп отыр, әрі ол міндетті болып есептеледі.

РКС: 30 проценттік квота әлеуметтік топтардың елдегі сайлау және қоғамдық-саяси үрдістерге тікелей араласуына жағдай жасайды. Заңға енгізілген түзетулер әйелдердің, жастар мен ерекше қажеттіліктері бар жандардың үлесін арттыруға зор үлес қоспақ. Еліміздің саяси өміріне өкілдігін арттыруға маңызды қадам, сондай-ақ, заңның сапасына да ерекше әсер етеді,-дейді сарапшылар.

СНХ: ӘСИЯ КҮШТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 30 проценттік квота мүгедектер мен әйелдерге және 29 жасқа дейінгі жастарға арналған. Сондай-ақ, бұл квота партиядан кандидаттар ұсынуға ғана емес, мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлуде де ескеріледі. Бұл біздің жүйе үшін үлкен серпіліс, сайлауға да оң әсер ететіні сөзсіз.

РКС: Елімізде заң бойынша 29-ға толмағандар жастар санатына жатады. Бұл ретте жасы 25-тен асқан, соңғы он жыл бойы ел аумағында тұратын Қазақстан азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Ал 30 жасқа толған, жоғары білімді және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар азаматтың Сенат депутаты болуына мүмкіндігі бар.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ