ДК: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 34 жыл. Атаулы датаға орай облыста жыл сайын мектеп оқушылары арасында «Мерген» атты әскери-спорттық сайысы өткізіліп тұрады. Бүгін облыс орталығындағы мектеп оқушылары арасында іріктеу кезеңі өтті.

РКС: Облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жарыстың басты мақсаты өскелең ұрпаққа батырлардың өнегесін ұлықтау. Ауған соғысында Отан үшін өмірін құрбан еткен азаматтарға құрмет көрсету. Сондай-ақ, оқушылардың пневматикалық қарудан ату шеберлігін шыңдай түсу.

СНХ:СЕЙІТЖАН ЖҮСІПОВ, №8 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл жарысқа 24 мектеп қатысты.+скл+Көкшетау қаласының құрамына жақсы мергендерді дайындауымыз керек. Осыдан жақсы атқандар қаланы облыстық жарыстарда қатысып атын қорғайды. Бұл жыл сайын өткізідіп тұрады. Әр жылы әр мектепте өтеді.

РКС:Сайыста Красный Ярдағы №1 орта мектебінің оқушылары да бақ сынасты. Биылғы әскери-спорттық жарысқа 4 оқушы дайындалып келіпті.

СНХ:АЗАМАТ МӘЖИТОВ, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Бірінші мақсат – оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Олар алғашқы әскери дайындыққа белсенді қатысу үшін. +скл+ Жылда өтетіндіктен, біз балаларды дайындаймыз, мектепте сабақтан тыс дайындықтар жүргізіледі. Өзіміздің шағын тобымыз бар.

РКС: Былтыр облыстық жарысқа Көкшетау қаласының атынан Ақерке Абай да қатысқан. Жас мерген жүлдері орынды иеленбесе де, жақсы тәжірибе жинақтай алғанын айтады. Биыл да бағын сынап көруге келген.

СНХ: АҚЕРКЕ АБАЙ, №22 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл жарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Алдыңғы жылы жүлделі орын алып, облыстық жарысқа бардым.

РКС:Жарыстың қорытындысы 3 ақпан күні белгілі болмақ. Жас мергендерді марапаттау рәсіміне Ауған соғысының ардагерлері қатысып, үздіктердің есімін жариялайды.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ