ДК: Былтырғы жылмен салыстырғанда көмекке мұқтаж отбасылардың саны 1,7 проценке азайған. Оған еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің тұрақты жұмыспен қамтылуы сеп болған. 28 мыңға жуық адамға демеушілер есебінен 232 млн.теңгенің көмегі көрсетілген. Бұл туралы «Аманат» партиясы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды.

РКС: «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында былтыр 2 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау үшін қалалық, ауылдық округтердегі жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері үй-үйді аралап санақ жүргізген. Былтыр азаматтардың жекелеген санаттарына облыс бюджетінен 819 млн. теңге көлемінде 43 мың адамға адамға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

СНХ: АЛТЫН АҚБАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз 912 отбасы жергілікті бюджет есебінен 36,9 млн. теңге көлемінде материалдық көмек алды. Қатерлі ісігі бар 5031 азаматқа 260 млн. теңге төленді. ВИЧ инфекциясы бар 15 бала ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлем алады. Жыл басынан бері 12,4 млн. теңге берілді.

РКС: Сондай-ақ, отырыста халықтың, әсіресе балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған екі жоба таныстырылды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін өңірде «Фостерлік отбасы»пилоттық жобасы іске қосылды. Оны Ақмола облысы бірінші болып енгізді. Фостер-бұл асырап алған балаларды тәрбиелеу мен оңалтуға уақытша қабылдайтын кәсіби отбасылар.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, «АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Бүгінгі таңда жоба аясында «Кәсіби» ата-аналарды таңдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Әзірге түрлі қала мен елді мекеннен 14-ке жуық отбасы оқыту курстарынан өтуде. Оның мерзімі 3,5 айға созылады, содан кейін үміткерлер комиссиядан өтеді. Комиссия асырап алынған баланы отбасына сеніп тапсыруға бола ма жоқ па, соны шешеді. Сонымен қатар, ата-ананың тұрақты жұмыс орны мен жоғары білімі болуы жобаға қатысудың міндетті шарты.

СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАНБЕТОВА, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Өңірде былтырдан бастап бұл жоба іске асырылып келеді. «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты – ата-аналардың санасын оятып, психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттырып, жан-жақты қолдау көрсету

РСК: Кездесу соңында «AMANAT» партиясы мен «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ