ДИКТОР:Мәжіліспен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді. Бүгінде өңірде оған дайындық қызу. Облыста 1 округтік және 245 аудандық сайлау комиссиясы құрылды. Оның 12-сінде облыстық мәслихат депутаттары сайланады.

РКС: Қазіргі уақытта облыстық сайлау комиссиясының 7, аудандықтың 3 мүшесі кәсіби негізде жұмыс істейді. Бұл өзгеріс биыл енгізілген.

СНХ:МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бқұрын біздегі 7 аламның екеуі ғана төраға мен хатшы кәсіби негіздежұмыс істеді. Енді биылдан бастап 7-уі де осы өзгеріс бойынша қызмет етпек. Яғни, оларға жалақы да тағайындалады. Сондай-ақ, қалалық сайлау комиссияларында орынбасар лауазымы да енгізілді.

РКС: Облыста тұрақты негізде 728 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 700-інде азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс. Ал қалған 28 сайлау учаскесінде уақытша тіркелген азаматтар дауыс бере алады. Сондай-ақ, 994 сайлау комиссиясы іске қосылады. Оның 1-і облыстық, 20 –сы аудандық және қалалық болса, 245-і аймақтықпен 728 учаскелік комиссяилар. Онда 5,5 мыңнан астам адам мүшелік етеді.

СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Әр өңірде облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша күнтізбелік жоспар бар. Өйткені бір емес, екі науқан өткізіп жатырмыз. Бұл үлкен жұмыс. Ең жауаптысы-бірінші кезең. Ол 8 ақпанда аяқталады.

РКС:Биылдан бастап сайлауды қадағалайтын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеудің жаңа ережелері енгізілді.Онымаен облыстық сайлау комиссиясы айналысады. Мерзімі-30 күн. Оның қорытындысы бойынша 1 жылға куәлік немесе бас тарту туралы хабарлама беріледі. Бүгінде облыста 500 мыңнан астам сайлаушы бар.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»