ДК:Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясында Көкше жұртшылығын әсем әуендермен тамсандырған музыкалық кофехана өтті. Өнер кешінің тақырыбы «Латинос ритмдері». Жоба авторы лектор әрі музыкатанушы ғалым Юлия Никитенко.

ИНТЕРШУМ: Орындаудан үзінді

РКС:Бұл жоба 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мұнда түрлі жанрдағы музыкаға арналған бағдарламалар ойластырылған. Әдетте бұл кеш филармонияның фойесінде өтетін, осы жолы қатысуға өтінім берген ұжымдар саны артқан. Сондықтан да өнер кеші классикалық сахнада өтті.

СНХ:НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде біріне-бірі ұқсамайтын түрлі бағдарламалық кештер өткен. Яғни, музыкалық кофейняда әр бағдарламалық кештің премьерасы ұйымдастырылады. Шағын ұжымдар келіп, өнер көрсетеді. Аспаптық музыканттар немесе вокалистердің шағын тобы тыңдармандардың жүрегін тебірентер композициялар орындайтын Мақсатымыз - тыңдарманға түрлі жанрдағы әуендерді орындап, музыка тарихынан сыр шерту.

РКС:Музыканттар өнер көрсетпес бұрын, лектор туындының тарихы мен ерекшеліктерін баяндады. Музыкалық кофехана кешінде әлемге әйгілі классикалық композициялар шырқалды. Атап айтқанда, Астора Пьяццолланың туындылары, халық сюитасы, Жорж Бизенің «Кармен» операсынан «Хабанера» атты үзіндісі және кубалық болеро жанрындағы «Besame mucho» әні.

СНХ:АРСЛАН КАБИРОВ, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ МУЗЫКАНТЫ: Музыкалық кеште солистпен бірге Кабанердің туындыларын және халық әнлерін орындаймыз. Камералық хор шағын ғана топтан құралған. Іс - шараның мақсаты - әлемдік музыка өнерін насихаттау. Музыкалық кофейняға осымен екінші рет қатысып отырмын.

РКС:Әншілер мен музыканттардың үйлесімді жұмысының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтіп, тыңдармандарға естен кетпес әсер сыйлады. Көрермендер де әртістерге қошеметін білдірді.

ИНТЕРШУМ:Көрермендер

СНХ:ВЕРА КОРКОШКО, КӨРЕРМЕН: Филармонияның концерттерін өте жақсы көрем.Атмосферасы жанға жайды. Өнер көрсететін әртістері де керемет. Жақында ғана жоғары деңгейде өткен концерт ұйымдастырылған еді. Ал бүгін латиноамерикандық би мен көрерменге ұсынылған кофеге тәнті болдым.

РКС:Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде келесі өтетін кештің тақырыбы жөнінде сауалнама өткізіп, көрермендермен пікірімен бөліседі. Жуырда балалар мен аналарға арналған музыкалық кофехана бағдарламасын ұйымдастыру, сондай–ақ әртістермен Stend-up кеш өткізу жоспарланып отыр.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, РАХАТ СӘЛЕЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ