ДК: Жаңа жылдан бастап республикалық тас жолдардың тазалығына жауап беретін жұмысшыларының жалақысы 30 процентке өсті. Еңбекақы көбейген соң бұл мамандыққа деген сұраныс артып, кадр тапшылығы жойылады,- дейді сала мамандары. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында ғимараттарды да жөндеу жоспарланып отыр.

РКС: Біржақсы Доскеновтың автожол саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Қытымыр қыстың кез-келген тәулігінде жолды күтіп-ұстау негізгі міндетім. Осы саладағы адамдардың еңбегі өлшеусіз деп есептейді. Қалың қар түссе, ауыр техниканы тізгіндеген ол халықтың жолдарда емін-еркін көлікпен қозғалуына қолайлы жағдай жасап келеді.

СНХ:БІРЖАҚСЫ ДОСКЕНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:  Жұмысым өзіме ұнайды. Жолдағы қауіпсіздік үшін тұрғындарға барлық жағдайды жасаймыз. Жалақымызды көтерді. Қатты қуаныштымын. Бәрі халық үшін маңызды. Егер халық риза болса, содан асқан бізде бақыт жоқ.

РКС: Тас жолдарды күтіп-ұстауға жаңадан 150 техника сатып алынды. Олардың қатарында жол машиналары, тиегіштер, автогрейдерлер, МТЗ тракторы бар. Жаңа техника қар басып қалу қаупі жоғары учаскелерді тазалау жұмыстарын атқарады.

СНХ:НИЯЗ САДЫҚОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Сонымен қатар қолданыстағы техника үшін 60 қсымша жабдық сатып алынды. Күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы жүргізілетіндіктен жаңа техниканы қалған үш мезгілде де қолдануға болады.

РКС: Қаңтар айында республикалық маңызы бар жолдарға көктайғаққа қарсы 17 мың текше метр құм-тұз қоспасы себілді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ