ДК: Облыс орталығында алғаш рет вокалдан «Тәтті дауыс» атты І-ші қалалық өнер байқауы өтті. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысып, бағын сынады. Байқаудың мақсаты - музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету.


РКС: Көкше елінде небір талантты балалар бар. Оларды тек дер кезінде анықтау қажет. Ал «Тәтті дауыс» осындай өрендердің бағын ашатын байқау. Өтінім бергендердің ішінен тек 25 бала ғана іріктеуден өткен. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде 8-10 жас, ал екіншісінде 11-12 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынасты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ән байқауын жаңа деңгейге көтеретіндерін айтады.

СНХ: МҰХАММЕД ҚОҢҚАЕВ, БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:  Бұл байқаудың шығу тарихына келсек, Болашақ сарайында “Үлгілі” вокалдық студиясы бар. Жетекшісі Әридаш Жарасбайқызы Хамзина. Байқау студияда әншілік болып басталған. Биыл бірінші рет қалалық кезеңге көтердік. Алдағы уақытта облыстық, аймақтыққа көтеру ойымызда бар. +++01:30 Біз ережені бекіткен кезде ешқандай қатаң талап қойған жоқпыз. Оқушылар өздерінің деңгейіне сай тақырыптарды таңдап, кез келген тілде орындауға рұқсат бердік.

РКС: Сайысқа сақадай сай тұрған қатысушылар еркін тақырыпта ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерпаздар арасында “Бір үйдің баласындай”, “Арманға сенемін” сынды әндер орындалды. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдай жасау аса маңызды. Ал оған қолдау көрсететін әуелі ата-ана. Сондай ата-ананың бірі Жанар Ахметжанова баласының конкурсқа өз бетінше дайындалғанын айтты. Қызы өнерге жақын болып өсіп келеді.

СНХ: ЖАНАР АХМЕТЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қызым өзінің ниетін білдіріп, ән айтамын деп келдік. Негізі ешқандай үйірмелерге қатыспайды, мектепте музыка пәнінде ән айтып жүріп, осы конкурсқа қатысамын деген ниет білдірген екен. Қызымызды қолдауға келіп қалдық.

СНХ: ІНЖУ-МАРЖАН ЖҰМАБЕКОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:  Мен “Домбырасыз ән қайда” өлеңін айтуға келдім. Бұл әнді орындауға 5 күн дайындалдым. Барлығына сәттілік тілеймін.

РКС: Байқау соңында қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, шешімін қабылдады. Жас таланттарды анықтайтын байқауда М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Іңкәр Найман мен Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейі атынан келген Айзере Қозы Гран-при жүлдегері атанды. Ақбота Кешуова мен Аруназ Балташ 1-ші орынды жеңіп алды.

АИДА ХАМИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ