ДК:Қазақстанның барлық қаласында мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы үздіксіз жүргізілсе де, балабақшаларда орын саны әлі де жеткіліксіз. Бұл мәселе жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырында баяндады. Балабақшалардағы кезек мегаполистерде өткір тұр. Ал Ақмола өңірі бойынша қалыптасқан жағдай жөнінде тілшіміз айтсын.

РКС:Оқу -ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлеріндегі балабақшалардаорын тапшылығы өткір мәселе. Мысалы, елордада мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі кезек саны 45 мыңға жеткен. Бұл көрсеткіштің өсуі жыл сайын дүниеге келетін сәбилердің көбеюі мен адамдардың осы аймақтарға жиі қоныс аударуына байланысты орын алып отыр. Ақмола өңірінде 5,5 мың балғын балабақша кезегінде тұр.

СНХ:АНДРЕЙ МАЙБАХ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Облыста 36 мыңнан астам тәрбиеленушісі бар мектепке дейінгі 602 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 258- і балабақша, 344-і шағын орталықтар. Білім беру сапасын арттыру мақсатында, Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекітті. Осыған орай былтыр өңірде 1463 жаңа орын ашылған. 2 мен 6 жасқа дейінгі балаларды86 процентке, 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды 100 процент қамтыдық.

РКС:Қазіргі таңда мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар тексеріліп, талаптарға сай емес мәкемелерді жабу көзделген. Сондай-ақ балабақшалардағы тағы бір мәселе, ата-аналардың бекітілген уақыт межесіне сай балаларын алып кетуге үлгермей қалып жатуы.

СНХ:НҰРЛЫГҮЛ ҚҰРМАШЕВА, «ЖҰЛДЫЗ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Ия бұл мәселе ата-ана жағынан көтеріліп жатады. Өйткені өздеріңіз білесіздер, ата-аналардың жұмыс уақыты 18:30-да аяқталады. Ал біздің балабақшаның ата-аналармен жасалған келісім-шарт бойынша балаларды таңғы сегізден қабылдаймыз, 18:30-да жұмыс уақытымыз аяқталады. Сондықтан да үлгермей жатқан, кеш келетін ата-аналар бар әрине. Ата-аналар жағынан бұл мәселе көтерілді. +скл+ Негізі осы мәселе бойынша кезекшілік топ ұйымдастыруға болады.

РКС:«Жұлдыз» балабақшасында тәрбиеленушілер саны 271. Қазіргі уақытта 6 бос орын бар. Бұл мекемеге келетін балалар жақын маңда тұрады. Ал кейбір ата-ана өз үйіне жақын орналасқан балабақшаға бүлдіршіндерін орналастыра алмай дал. Өңірде 2025 жылға дейін 7 жаңа мекеме салу жоспарланған. Оның бірі Көкшетау қаласында бой көтеретін мобильділігі төмен топтарға арналған балабақша.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҰЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ